Астанада ең үлкен "Таза Қазақстан" туы жайылды

© Photo : Астана әкімдігіАстанада ең үлкен "Таза Қазақстан" туы жайылды
Астанада ең үлкен Таза Қазақстан туы жайылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.03.2026
Жазылу
АЛМАТЫ, 23 наурыз – Sputnik. Астанада "Тазару күні" жалпы қалалық экологиялық іс-шарасы барысында ең үлкен "Таза Қазақстан" туын жаю перформансы ұйымдастырылды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Ауқымды экологиялық акциялардың бірі EXPO аумағында ұйымдастырылды. Мұнда еріктілер мен жастардың қатысуымен жаппай сенбілік өткізіліп, онда ең үлкен ту жайылды.
"AMANAT" партиясы жанындағы "Жастар рухы" жастар қанаты филиалының төрағасы Арсланбек Мағзұмның айтуынша, сенбіліктер қаланың барлық ауданында, әсіресе Наурыз мерекелік іс-шаралары өткен орындарда ұйымдастырылды.
"Біз қала бойынша, әсіресе Наурыз өткен орындарда сенбіліктер ұйымдастырдық, өйткені жаппай іс-шаралардан кейін қоқыс қалады. Акцияға жастар мен эковолонтерлер белсенді қатысты. Бұл тек тазалық емес, бұл – тазалық мәдениетін қалыптастыру", – деді ол.
Іс-шараның ерекше сәттерінің бірі – "Таза Қазақстан" жазуы бар ең үлкен туды жаю. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ол әрбір тұрғынның қала тазалығына деген жауапкершілігін білдіріп, өзгерісті өзінен бастауға үндейді.
Еске сала кетейік, биыл Астанада Наурыз мейрамы жаңа форматта кең көлемде аталып өтті. 10 күн бойы қала бойынша ұлттық тағамдар жәрмеңкелері, концерттер, түрлі іс-шаралар, спорт жарыстары ұйымдастырылып, заманауи интерактивті алаңдар жұмыс істеді.
Биылғы мерекенің ерекшелігі – Digital-алаңдар мен жасанды интеллект элементтерін ұлттық дәстүрлерді насихаттауда кеңінен қолдану болды. Мереке дәстүр мен жаңа технологияларды үйлестіріп, елорда тұрғындары мен қонақтарына ерекше әсер сыйлады.
Казахстанские миротворцы отпраздновали Наурыз на Голанских высотах  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.03.2026
Қазақстан бітімгерлері Голан жоталарында Наурызды тойлады
Жаңалықтар
0