Қосшыда қаптан баланың мәйіті табылды

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өту Младенец

Младенец  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.03.2026
Жазылу
Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр
АЛМАТЫ, 22 наурыз – Sputnik. Ақмола облысының Қосшы қаласында қаптан баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қап көше бойынан табылған. Бала айы-күні жетілмей шала туған деген болжам бар. Бұл ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Полиция оны растады.
"Бұл факт бойынша полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр", - дейді Ақмола облысының полиция департаменті.
Қоқыс контейнері - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.02.2026
Семейде қоқыс жәшігінен нәрестенің мәйіті табылды
Жаңалықтар
0