https://sputnik.kz/20260322/ministrlik-botagoz-omarovanyn-ustaluyna-baylanysty-zhagdaydy-baqylauda-ustap-otyr--balaeva-62111426.html
Министрлік Ботагөз Омарованың ұсталуына байланысты жағдайды бақылауда ұстап отыр – Балаева
Министрлік Ботагөз Омарованың ұсталуына байланысты жағдайды бақылауда ұстап отыр – Балаева
Sputnik Қазақстан
Сот журналисті екі айға үй қамағына алу туралы шешім шығарды 22.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-22T15:30+0500
2026-03-22T15:30+0500
2026-03-22T15:30+0500
журналист
журналистика
аида балаева
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:125:1201:800_1920x0_80_0_0_4e603bb753a4668d5fe23d1c8b5be3d8.jpg
АСТАНА, 22 наурыз – Sputnik. Мәдениет және ақпарат министрлігі журналист Ботагө Омарованың ұсталуына байланысты жағдайды бақылауда ұстауда, деп мәлімдеді премьер-министрднің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.Ол аталған іс бойынша шешім әділ болады деп сенетінін атап өтті.Мәдениет және ақпарат министрі осы сияқты кез келген мәселелерді қарау барысында "Заң және тәртіп" қағидатын қатаң сақтау қажет деп есептейді, өйткені заң баршаға ортақ және оны сақтау барлық азамат үшін міндетті."Өз тарапынан министрлік жағдайды мұқият бақылап отыр және қажет болған жағдайда өз құзыреті аясында шаралар қабылдауға дайын. Сонымен қатар, барлық процессуалдық әрекет сыртқы араласусыз, заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес қатаң түрде жүзеге асырылуға тиіс екенін атап өтеміз", - деп түйіндеді ол.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:0:1067:800_1920x0_80_0_0_6126eb18119694686f95d89e748fc25a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
журналист, журналистика, аида балаева
журналист, журналистика, аида балаева
Министрлік Ботагөз Омарованың ұсталуына байланысты жағдайды бақылауда ұстап отыр – Балаева
Сот журналисті екі айға үй қамағына алу туралы шешім шығарды
АСТАНА, 22 наурыз – Sputnik. Мәдениет және ақпарат министрлігі журналист Ботагө Омарованың ұсталуына байланысты жағдайды бақылауда ұстауда, деп мәлімдеді премьер-министрднің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.
"Сонымен қатар, мұндай жағдайларда заңда көзделген барлық рәсім аяқталғанға дейін асығыс түсіндіру жұмыстарын жасауға, дәлелсіз қорытындылар шығаруға және алдын ала баға беруге жол беруге болмайтынын ерекше атап өтеміз. Оқиға мәнін бұрмалау немесе процесс қатысушыларын негізсіз қаралауға әкелуі мүмкін мәлімдемелерге жол бермеу аса маңызды", - деді вице-премьер.
Ол аталған іс бойынша шешім әділ болады деп сенетінін атап өтті.
"Таратылып жатқан ақпараттың дұрыстығын тексеру – "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасының заңында бекітілген журналистердің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Сонымен қатар, заңнамада, атап айтқанда 68-бапта, журналистерді шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратқаны үшін жауапкершіліктен босататын жағдайлар қарастырылған, оның ішінде ресми сөздерді сөзбе-сөз, өзгеріссіз келтірілген болса", - дейді Балаева.
Мәдениет және ақпарат министрі осы сияқты кез келген мәселелерді қарау барысында "Заң және тәртіп" қағидатын қатаң сақтау қажет деп есептейді, өйткені заң баршаға ортақ және оны сақтау барлық азамат үшін міндетті.
"Өз тарапынан министрлік жағдайды мұқият бақылап отыр және қажет болған жағдайда өз құзыреті аясында шаралар қабылдауға дайын. Сонымен қатар, барлық процессуалдық әрекет сыртқы араласусыз, заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес қатаң түрде жүзеге асырылуға тиіс екенін атап өтеміз", - деп түйіндеді ол.