Digital Nauryz: Астанада өздігінен жүретін автокөлік сынақтан өтті

© Пресс-служба акимата АстаныИспытания беспилотного автомобиля прошли в Астане
Испытания беспилотного автомобиля прошли в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.03.2026
Жазылу
Пилотсыз такси қызметін іске қосу да интеллектуалды көлік жүйесін дамытудың маңызды бағыттарының бірі болмақ
АЛМАТЫ, 22 наурыз – Sputnik. Астана қаласында Наурыз мейрамын жалпы қалалық мерекелеу аясында пилотсыз автокөліктің демонстрациялық жүрісі өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Көлік Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың Лу Бань шеберханасында жасалған. Автокөлікті бағдарламалау және маршрут картасын шеберхана қызметкерлері әзірледі.
Іс-шара жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Астана қаласының әкімдігі және Astana Innovations ұйымының қолдауымен өткізілді.
"Көрсетілімдік жүріс қалалық мерекелік іс-шаралар алаңында өтіп, заманауи технологияларды кең аудиторияға танытуға бағытталған бағдарламаның бір бөлігі болды. Мереке қонақтары өздігенен жүретін көліктің жұмысын көріп, оның қалалық ортада қолданылу мүмкіндіктерін бағалады", - деп жазылған хабарламада.
Жүргізушісіз автокөлік Smart City инфрақұрылымына жасанды интеллект технологияларын енгізу мүмкіндіктерін көрсетті.
Атап айтқанда, навигация жүйелері, деректерді өңдеу және қалалық ортамен өзара әрекеттесу шешімдері таныстырылды. Алдағы уақытта мұндай технологиялар қалалық инфрақұрылымға кезең-кезеңімен енгізіліп, оның ішінде пилотсыз такси қызметін іске қосу да интеллектуалды көлік жүйесін дамытудың маңызды бағыттарының бірі болмақ.
Биыл Наурыз мерекесі жаңа форматта – Digital Nauryz аясында өтіп жатыр. Бұл бастама елімізде жарияланған Цифрландыру және жасанды интеллект жылымен ұштасып отыр.
Знак такси на автомобиле - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.02.2026
Қазақстанда такси қызметі 17%-ке қымбаттады
Жаңалықтар
0