Ресей елшісі қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

© Посольство России в КазахстанеЧрезвычайный и Полномочный Посол Росии в Казахстане Алексей Бородавкин
Чрезвычайный и Полномочный Посол Росии в Казахстане Алексей Бородавкин - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.03.2026
Жазылу
АСТАНА, 21 наурыз – Sputnik. Ресейдің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Бородавкин қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады.
"Сіздерді Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз — көктем мен жаңару мерекесі", - делінген құттықтауда.
Ресейлік елші биыл бұл мейрам ерекше жағдайда тойланып жатқанын атап өтті.
"Жаңа Конституцияның қабылдануымен бүкіл ел, бүкіл Қазақстан жаңартылуда. Бұл – қазіргі Қазақстан тарихындағы елеулі оқиға. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституцияның ережелерін қысқа мерзімде іске асыру міндетін қойды. Бұл міндет табысты орындалатынына сенімдімін", - деді елші.
Бородавкин сөз соңында қазақстандықтар өздерінің ең жақын одақтасы әрі интеграциялық серіктесі Ресейдің ынтымақтастығына нық сенім арта алатынын айтты.
Алексей Бородавкин - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.03.2026
Ресей елшісі Қазақстанның СІМ басшысын референдумның сәтті өтуімен құттықтады
Жаңалықтар
0