Иран жапон кемелеріне Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат беруге дайын – Аракчи

© AP Photo / Jon GambrellОрмузский пролив
Ормузский пролив - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.03.2026
Жазылу
Жапон мұнай импортының 90%-дан астамы Таяу Шығыс мемлекеттерінен келеді
АСТАНА, 21 наурыз – Sputnik. Тегеран Токиомен кеңестен соң Ормуз бұғазы арқылы Жапон кемелерінің өтуіне рұқсат беруге дайын. Бұл туралы Иран сыртқы істер министрі Аббас Аракчидің Киодо агенттігіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды РИА Новости.
Аракчи агенттігінің мәліметінше, "Иран жапон тарапымен кеңескеннен кейін Жапониямен байланысты кемелердің өтуіне рұқсат беруге дайын".
Оның айтуынша, бұл мәселе елдер арасында талқыланып жатыр. Таяу Шығыс мемлекеттері жапондық шикі мұнай импортының 90% - дан астамын құрайды.
Ал Дональд Трамп АҚШ Ормуз бұғазының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті емес деген болатын.
"Ормуз бұғазын оны пайдаланатын басқа елдер күзетуі керек, Америка Құрама Штаттары оны пайдаланбайды!",- деді америкалық көшбасшы.
Десе де, егер көмек көрсету сұралса Вашингтон дайын.
28 Ақпанда АҚШ пен Израиль Иран аумағындағы нысандарға, соның ішінде Тегеранға соққы бере бастады. Иран Израиль аумағына, сондай-ақ Таяу Шығыс аймағындағы АҚШ әскери нысандарына қарсы шабуыл жасады.
Иран айналасындағы шиеленіс Ормуз бұғазының тоқтауына әкелді.
Посол Ирана в Казахстане Али Акбар Джоукар - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2026
Ормуз бұғазы арқылы мұнай тасымалдау тоқтатылды – Иранның Қазақстандағы елшісі
Жаңалықтар
0