Елімізде 500 мың бала бір мезетте күй шертті

© Photo : Министерство просвещения РКПолмиллиона детей одновременно исполнили кюй в разных регионах Казахстана
Полмиллиона детей одновременно исполнили кюй в разных регионах Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.03.2026
Жазылу
Шәкірттермен бірге балабақша тәрбиеленушілері мен студенттер де домбыра тартты
АСТАНА, 21 наурыз – Sputnik. Қазақстанның білім беру мекемелерінде жарты миллионға жуық баланы біріктірген "Күй күмбірі" республикалық домбырашылар акциясы өтті.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, ауқымды шара елдің барлық өңіріндегі мектептерде, балабақшалар мен колледждерде бір уақытта ұйымдастырылды.
Акцияға қатысушылар "Тепеңкөк", "Әлқисса" және "Ерке сылқым" күйлерін бір мезетте орындады
Биылғы жобаның бірнеше ерекшелігі бар. Шәкірттермен бірге балабақша тәрбиеленушілері мен студенттер де домбыра тартты.
Іс-шара барысында цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктеріне баса назар аударылды.
Маңғыстау облысында күйлер тек домбырамен емес, жетіген сияқты басқа да дәстүрлі аспаптардың сүйемелдеуімен шырқалды.
Талдықорғанда 5000 домбырашы бір мезетте қос күйді орындады - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2026
Алматыда 11 мың оқушы бір мезетте күй орындайды
Жаңалықтар
0