https://sputnik.kz/20260321/aqmolalyq-politseyler-zhurgizushini-azhaldan-alyp-qaldy-62095962.html
Ақмолалық полицейлер жүргізушіні ажалдан алып қалды
Ақмолалық полицейлер жүргізушіні ажалдан алып қалды
Sputnik Қазақстан
Олар көлік ішінде ес-түссіз жатқан жүргізушіге көмек көрсетті 21.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-21T19:14+0500
2026-03-21T19:14+0500
2026-03-21T19:14+0500
полицейлер
құтқару
ақмола облысы
https://sputnik.kz/img/07e9/09/11/57165265_0:63:1200:738_1920x0_80_0_0_a3581cc1f5757b1c91e68b714687aac9.jpg
АСТАНА, 21 наурыз - Sputnik. Ақмола облысында полицейлер жүргізушіні өлімнен арашалап қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.Патрульдік полиция қызметкерлері көміртегі тотығымен уланған жүргізушіні құтқарып қалды.Оқиға 20 наурыз күні таңертең Астана — Петропавл автожолында болған. Сағат 07:00 шамасында қызмет атқарып жүрген полиция қызметкерлері Мейрамбек Мекеш пен Асанәлі Әлиханов капоттың астынан қалың түтін шыққан Газель көлігін байқайды.Тәртіп сақшылары бірден көлікті тексеруге кіріскен. Алайда ішінде отырған адам жауап бермеген соң, инспекторлардың бірі бүйір терезені сындыруға мәжбүр болды. Көлік ішінде ес-түссіз жатқан жүргізуші анықталды.Полицейлер азаматты дереу таза ауаға шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Жедел жәрдем келгенге дейін оның жағдайын бақылауда ұстап, кейін ең жақын емдеу мекемесіне шұғыл жеткізуге көмектесті.Алдын ала мәлімет бойынша, 22 жастағы жүргізуші қозғалтқышы қосулы көлікте ұйықтап қалып, көміртегі тотығымен уланып қалған.Полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болды.Қазіргі уақытта азаматтың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
https://sputnik.kz/20260311/es-tussiz-zhatqan-qyzylordada-politseyler-talmasy-ustagan-zhurgizushini-qutqaryp-qaldy-61784132.html
ақмола облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/09/11/57165265_67:0:1134:800_1920x0_80_0_0_65ef81c5601cd75bd45ed9331a35d6fa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
полицейлер, құтқару, ақмола облысы
полицейлер, құтқару, ақмола облысы
Ақмолалық полицейлер жүргізушіні ажалдан алып қалды
Олар көлік ішінде ес-түссіз жатқан жүргізушіге көмек көрсетті
АСТАНА, 21 наурыз - Sputnik. Ақмола облысында полицейлер жүргізушіні өлімнен арашалап қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Патрульдік полиция қызметкерлері көміртегі тотығымен уланған жүргізушіні құтқарып қалды.
Оқиға 20 наурыз күні таңертең Астана — Петропавл автожолында болған. Сағат 07:00 шамасында қызмет атқарып жүрген полиция қызметкерлері Мейрамбек Мекеш пен Асанәлі Әлиханов капоттың астынан қалың түтін шыққан Газель көлігін байқайды.
Тәртіп сақшылары бірден көлікті тексеруге кіріскен. Алайда ішінде отырған адам жауап бермеген соң, инспекторлардың бірі бүйір терезені сындыруға мәжбүр болды. Көлік ішінде ес-түссіз жатқан жүргізуші анықталды.
Полицейлер азаматты дереу таза ауаға шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Жедел жәрдем келгенге дейін оның жағдайын бақылауда ұстап, кейін ең жақын емдеу мекемесіне шұғыл жеткізуге көмектесті.
Алдын ала мәлімет бойынша, 22 жастағы жүргізуші қозғалтқышы қосулы көлікте ұйықтап қалып, көміртегі тотығымен уланып қалған.
Полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болды.
Қазіргі уақытта азаматтың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.