https://sputnik.kz/20260321/2-mlrd-tenge-zalal-almatyda-kredittik-saladagy-iri-zhemqorlyq-skhemasy-ashkerelendi-62077608.html
2 млрд теңге залал: Алматыда кредиттік саладағы ірі жемқорлық схемасы әшкереленді
2 млрд теңге залал: Алматыда кредиттік саладағы ірі жемқорлық схемасы әшкереленді
Sputnik Қазақстан
Салдарынан мемлекетке 2 млрд теңгеден астам шығын келіп, 75 мың доллар көлемінде пара беру дерегі анықталды 21.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-21T11:19+0500
2026-03-21T11:19+0500
2026-03-21T11:19+0500
парақорлық
пара
https://sputnik.kz/img/07e7/06/10/36021240_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_90cb4fb29a95c120fb77d76c5e69550d.jpg
АЛМАТЫ, 21 наурыз - Sputnik. "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ және "Бірінші кредиттік бюро" ЖШС басшылығына қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды қаржылық мониторинг агенттігі.Олар лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану және пара алу фактілері бойынша күдікке ілінді.2020 жылы Еңбек ресурстарын дамыту орталығының бұрынғы президенті Д.Р. Арғандықов Бірінші кредиттік бюроның бас директоры Р.Ж.Омаровпен заңсыз келісім жасасып, соның нәтижесінде Бірінші кредиттік бюроға қосымша 5% табыс алуға мүмкіндік берген.Былтыр жыл басында Еңбек ресурстарын дамыту орталығының басшылығына А. Сарбасов келгеннен кейін де бұл теңсіз шарттар өзгеріссіз сақталған."Тергеу барысында Бірінші кредиттік бюроға өзге қатысушыларға қарағанда артықшылық беретін схема әшкереленді. Атап айтқанда, Аргандыков пен Омаровтың келісуімен Еңбек ресурстарын дамыту орталығы мен Бірінші кредиттік бюро арасындағы ақпарат алмасу арналарына сұраныстарды жедел өңдеуге мүмкіндік беретін арнайы сервис орнатылған", - делінген агенттік хабарламасында.Ал Еңбек ресурстарын дамыту орталығы мен Мемлекеттік кредиттік бюро арасындағы жүйеге керісінше, сұраныстарды өңдеуді баяулататын зиянды бағдарламалық қамтамасыз ету енгізілген.Осының салдарынан мемлекетке, нақтырақ айтқанда Еңбек ресурстарын дамыту орталығына 2 млрд теңгеден астам залал келтірілген.2025 жылғы маусымда Аргандыков пен Омаровтың Сарбасовқа 75 мың АҚШ доллары көлемінде кезекті сыйақы бергені анықталды. Бұл қаражат Бірінші кредиттік бюроның заңсыз табыс табу схемасын сақтап қалу үшін берілген. Аталған тұлғалар ұсталды. Сот санкциясымен олардың 1 млрд теңгеден астам сомаға бағаланатын жылжымалы және жылжымайтын мүлкіне, сондай-ақ бағалы қағаздарына тыйым салынды.Айта кетейік, "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" – жеке тұлғалардың табыстары туралы деректердің бірыңғай мемлекеттік операторы. Бұл мәліметтер қарыз алушылардың төлем қабілетін бағалау кезінде кредиттік бюролар мен қаржы ұйымдары үшін аса маңызды және оның баламалы заңды көзі жоқ. Ал бұл деректердің негізгі пайдаланушылары "Мемлекеттік кредиттік бюро" мен "Бірінші кредиттік бюро".
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/06/10/36021240_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_9d0acb38a774de7b708f4b1b90a109d4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
парақорлық, пара
2 млрд теңге залал: Алматыда кредиттік саладағы ірі жемқорлық схемасы әшкереленді
Салдарынан мемлекетке 2 млрд теңгеден астам шығын келіп, 75 мың доллар көлемінде пара беру дерегі анықталды
АЛМАТЫ, 21 наурыз - Sputnik. "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ және "Бірінші кредиттік бюро" ЖШС басшылығына қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды қаржылық мониторинг агенттігі.
Олар лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану және пара алу фактілері бойынша күдікке ілінді.
2020 жылы Еңбек ресурстарын дамыту орталығының бұрынғы президенті Д.Р. Арғандықов Бірінші кредиттік бюроның бас директоры Р.Ж.Омаровпен заңсыз келісім жасасып, соның нәтижесінде Бірінші кредиттік бюроға қосымша 5% табыс алуға мүмкіндік берген.
"Егер Мемлекеттік кредиттік бюро көрсетілген қызметтердің жалпы көлемінен 30% табыс алса, Бірінші кредиттік бюро бұрынғы 30%-дың орнына 35%-ға дейін табыс ала бастаған. Осылайша, Еңбек ресурстарын дамыту орталығының үлесі 70%-дан 65%-ға дейін төмендеген", - дейді агенттіктегілер.
Былтыр жыл басында Еңбек ресурстарын дамыту орталығының басшылығына А. Сарбасов келгеннен кейін де бұл теңсіз шарттар өзгеріссіз сақталған.
"Тергеу барысында Бірінші кредиттік бюроға өзге қатысушыларға қарағанда артықшылық беретін схема әшкереленді. Атап айтқанда, Аргандыков пен Омаровтың келісуімен Еңбек ресурстарын дамыту орталығы мен Бірінші кредиттік бюро арасындағы ақпарат алмасу арналарына сұраныстарды жедел өңдеуге мүмкіндік беретін арнайы сервис орнатылған", - делінген агенттік хабарламасында.
Ал Еңбек ресурстарын дамыту орталығы мен Мемлекеттік кредиттік бюро арасындағы жүйеге керісінше, сұраныстарды өңдеуді баяулататын зиянды бағдарламалық қамтамасыз ету енгізілген.
Осының салдарынан мемлекетке, нақтырақ айтқанда Еңбек ресурстарын дамыту орталығына 2 млрд теңгеден астам залал келтірілген.
2025 жылғы маусымда Аргандыков пен Омаровтың Сарбасовқа 75 мың АҚШ доллары көлемінде кезекті сыйақы бергені анықталды. Бұл қаражат Бірінші кредиттік бюроның заңсыз табыс табу схемасын сақтап қалу үшін берілген. Аталған тұлғалар ұсталды. Сот санкциясымен олардың 1 млрд теңгеден астам сомаға бағаланатын жылжымалы және жылжымайтын мүлкіне, сондай-ақ бағалы қағаздарына тыйым салынды.
Айта кетейік, "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" – жеке тұлғалардың табыстары туралы деректердің бірыңғай мемлекеттік операторы. Бұл мәліметтер қарыз алушылардың төлем қабілетін бағалау кезінде кредиттік бюролар мен қаржы ұйымдары үшін аса маңызды және оның баламалы заңды көзі жоқ. Ал бұл деректердің негізгі пайдаланушылары "Мемлекеттік кредиттік бюро" мен "Бірінші кредиттік бюро".