https://sputnik.kz/20260320/ukimet-alatau-qalasynda-sheteldikterge-zher-beru-tartibin-tusindirdi-62044222.html
Үкімет Алатау қаласында шетелдіктерге жер беру тәртібін түсіндірді
Үкімет Алатау қаласында шетелдіктерге жер беру тәртібін түсіндірді
Sputnik Қазақстан
Сол жерде екі жылдың ішінде зауыт, фабрика, университет немесе қонақ үй салмаса, онда оған айыппұл салынады 20.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-20T11:46+0500
2026-03-20T11:46+0500
2026-03-20T11:47+0500
үкімет
жер
шетелдік
https://sputnik.kz/img/07ea/02/11/61223540_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_721e70a422991d3d42580241981bc8f0.jpg
АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Алатау қаласында шетелдіктерге жер беру тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Қаланың ерекше мәртебесін арнайы конституциялық заңмен бекіту жоспарланып отыр. Ал шетелдік инвесторларға жер жалға беріледі.Оның айтуынша, Қазақстан азаматтарына жер қазіргі заңнамамен беріледі.
https://sputnik.kz/20260320/alatau-qalasynda-salyq-salu-tartibi-basqasha-bolady---zan-zhobasy-62041533.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/02/11/61223540_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_eeebbf2593528036366964d188856651.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет, жер, шетелдік
Үкімет Алатау қаласында шетелдіктерге жер беру тәртібін түсіндірді
11:46 20.03.2026 (жаңартылды: 11:47 20.03.2026) Сол жерде екі жылдың ішінде зауыт, фабрика, университет немесе қонақ үй салмаса, онда оған айыппұл салынады
АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Алатау қаласында шетелдіктерге жер беру тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қаланың ерекше мәртебесін арнайы конституциялық заңмен бекіту жоспарланып отыр. Ал шетелдік инвесторларға жер жалға беріледі.
"Алатау қаласында барлық инвесторға, соның ішінде шетелдік инвесторларға жер тек нақты инвестициялық жобаларды іске асыруға және бизнес лицензия үшін жалға немесе басқа түрінде берілетін болады. Егер бизнес лицензия болса, онда нақты міндеттер, нақты уақыты болады. Мысалы, сол жерде екі жылдың ішінде зауыт, фабрика, университет немесе қонақ үй салмаса, онда оған айыппұл салынады. Ал тағы екі жылда ештеңе жасалмаса, жер қайтарылатын болады", - деді Бозымбаев парламент палаталарының бірлескен отырысында.
Оның айтуынша, Қазақстан азаматтарына жер қазіргі заңнамамен беріледі.