https://sputnik.kz/20260320/toqaev-almatyda-lrt-zhane-skytrain-zhuyelerin-engizu-zhumystaryn-zhedeldetudi-tapsyrdy-62059814.html
Тоқаев Алматыда LRT және SkyTrain жүйелерін енгізу жұмыстарын жеделдетуді тапсырды
Тоқаев Алматыда LRT және SkyTrain жүйелерін енгізу жұмыстарын жеделдетуді тапсырды
Sputnik Қазақстан
BRT желісін кеңейту, метро құрылысы және жаңа транспорттық шешімдерді пысықтау негізгі басымдық саналады 20.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-20T16:55+0500
2026-03-20T16:55+0500
2026-03-20T16:55+0500
алматы
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e6/09/08/27386602_0:157:3067:1882_1920x0_80_0_0_ae9168f9ae21c3337bc971a6c130e0ac.jpg
АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды президентке қаланың әлеуметтік-экономикалық ахуалы және негізгі даму бағыттарының іске асырылуы туралы баяндалды, деп хабарлады Ақорда.Дархан Сатыбалдының айтуынша, қала экономикасында оң динамика байқалады:Негізгі көрсеткіштер өнеркәсіп, құрылыс, көлік және сауда салалары есебінен құралады. Шаһардың инвестициялық портфелі 2,8 триллион теңгеден асады. "Алматы" индустриялық аймағы мен "Алатау" арнайы экономикалық аймағына жаңа жобаларды тарту мақсатында кеңейту жұмыстары жүргізілуде.Туризм мен тау кластерін өркендету жалғасады. Биыл "Шымбұлақты" жаңғырту, іргелес шатқалдарды дамыту жұмыстары басталады. Жобаларды іске асыру 2029 жылғы Қысқы Азия ойындарына дайындық шараларымен бірге жүргізіледі. Сонымен қатар қонақүй инфрақұрылымы кеңейтілуде.Әкімнің айтуынша, бас жоспарды түзету аяқталуға жақын. Онда қала ішіндегі орталық моделін дамыту және тау бөктеріндегі аумақта құрылысқа шектеу енгізу көзделген.Экологиялық күн тәртібіне ерекше назар аударылып, жылу көздерін жаңғырту және шығарындыларды азайту шаралары қолға алынды.Кездесу соңында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Almaty AI Park жобасын жеделдету, сондай-ақ LRT және SkyTrain жүйелерін енгізу жұмыстарын жандандыру бойынша бірқатар тапсырма берді.
https://sputnik.kz/20260312/lrt-da-zhol-zhuru-aqysy-200-tenge-boluy-mumkin-61808225.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/09/08/27386602_190:0:2919:2047_1920x0_80_0_0_7d832ac8c187ad4dd4dc9639fae1b07c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, қасым-жомарт тоқаев
алматы, қасым-жомарт тоқаев
Тоқаев Алматыда LRT және SkyTrain жүйелерін енгізу жұмыстарын жеделдетуді тапсырды
BRT желісін кеңейту, метро құрылысы және жаңа транспорттық шешімдерді пысықтау негізгі басымдық саналады
АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды президентке қаланың әлеуметтік-экономикалық ахуалы және негізгі даму бағыттарының іске асырылуы туралы баяндалды, деп хабарлады Ақорда.
Дархан Сатыбалдының айтуынша, қала экономикасында оң динамика байқалады:
2025 жылдың қорытындысы бойынша өсім 6,5 пайызды құрады,
биылғы қаңтар-ақпан айларында қысқа мерзімді экономикалық индикатор 9,4 пайызға жетті.
Негізгі көрсеткіштер өнеркәсіп, құрылыс, көлік және сауда салалары есебінен құралады. Шаһардың инвестициялық портфелі 2,8 триллион теңгеден асады. "Алматы" индустриялық аймағы мен "Алатау" арнайы экономикалық аймағына жаңа жобаларды тарту мақсатында кеңейту жұмыстары жүргізілуде.
"Алматы еліміздің IT секторында жетекші рөл атқарады. Цифрландыру аясында Almaty AI Park қалыптасып, жасанды интеллект негізіндегі бейнемониторинг пен талдау жүйесі дамып келеді", - деп жазылған хабарламада.
Туризм мен тау кластерін өркендету жалғасады. Биыл "Шымбұлақты" жаңғырту, іргелес шатқалдарды дамыту жұмыстары басталады. Жобаларды іске асыру 2029 жылғы Қысқы Азия ойындарына дайындық шараларымен бірге жүргізіледі. Сонымен қатар қонақүй инфрақұрылымы кеңейтілуде.
Әкімнің айтуынша, бас жоспарды түзету аяқталуға жақын. Онда қала ішіндегі орталық моделін дамыту және тау бөктеріндегі аумақта құрылысқа шектеу енгізу көзделген.
"Қоғамдық көлікті ілгерілету, соның ішінде BRT желісін кеңейту, метро құрылысы және жаңа транспорттық шешімдерді пысықтау негізгі басымдық саналады. Инженерлік инфрақұрылым және сумен жабдықтау жүйесі жаңартылып жатыр", - делінген хабарламада.
Экологиялық күн тәртібіне ерекше назар аударылып, жылу көздерін жаңғырту және шығарындыларды азайту шаралары қолға алынды.
Кездесу соңында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Almaty AI Park жобасын жеделдету, сондай-ақ LRT және SkyTrain жүйелерін енгізу жұмыстарын жандандыру бойынша бірқатар тапсырма берді.