https://sputnik.kz/20260320/qazaqstanda-ekstremistik-qylmys-zhasagan-17-adam-sottaldy-62042618.html
Қазақстанда экстремистік қылмыс жасаған 17 адам сотталды
Қазақстанда экстремистік қылмыс жасаған 17 адам сотталды
Sputnik Қазақстан
Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола және Ұлытау облыстарында террористік қылмыс жасаған 6 діни радикал ұсталды 20.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-20T11:23+0500
2026-03-20T11:23+0500
2026-03-20T11:23+0500
ұлттық қауіпсіздік комитеті
сот
экстремизм
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:125:1201:800_1920x0_80_0_0_4e603bb753a4668d5fe23d1c8b5be3d8.jpg
АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Қазақстанда үш айда экстремистік қылмыс жасаған 17 адам сотталды, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитеті.Олардың бірі - Алматы қаласының тұрғыны. Ол 2017 жылы халықаралық террористік ұйымдар жағында ұрыс қимылдарына қатысу үшін шетелге кеткен.Тағы бір азамат - Көкшетау қаласының тұрғыны да 2013 жылы шетелге кеткен. Интернетте терроризм мен діни экстремизм идеяларын насихаттаған."ҰҚК шетелдік арнайы қызметпен бірлесіп жүргізген операцияның нәтижесінде ұсталып, елге жеткізілді. Сот шешімімен терроризмді насихаттағаны және діни алауыздықты қоздырғаны үшін 9 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды", - дейді ведомствода.Осы кезең ішінде Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола және Ұлытау облыстарында террористік қылмыс жасаған 6 діни радикал ұсталды. Сонымен қатар бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан тағы 4 адамға сотталғандар арасында терроризмді насихаттады және діни алауыздықты қоздырды деген айып тағылды."Олар интернетте және өз айналасында террористік, экстремистік материалдар таратқан, сондай-ақ олардың ұстанымдарын қолдамайтындарға қатысты күш көрсетуге шақырды деп күдіктелуде", - дейді Ұлттық қауіпсіздік комитетінде.Қылмыстық кодекстің 174 және 256-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіліп жатыр.
https://sputnik.kz/20250523/terrorizm-men-dini-ekstremizm-ushin-43-adam-sottaldy---uqk-basshysy-----53830258.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:0:1067:800_1920x0_80_0_0_6126eb18119694686f95d89e748fc25a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлттық қауіпсіздік комитеті, сот, экстремизм
ұлттық қауіпсіздік комитеті, сот, экстремизм
Қазақстанда экстремистік қылмыс жасаған 17 адам сотталды
Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола және Ұлытау облыстарында террористік қылмыс жасаған 6 діни радикал ұсталды
АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Қазақстанда үш айда экстремистік қылмыс жасаған 17 адам сотталды, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Олардың бірі - Алматы қаласының тұрғыны. Ол 2017 жылы халықаралық террористік ұйымдар жағында ұрыс қимылдарына қатысу үшін шетелге кеткен.
"Былтыр шетелдік серіктестермен бірлескен іс-шаралар аясында ол шетелде ұсталып, Қазақстанға арнайы күзетпен жеткізілді. Террористік әрекетке қатысу фактісі бойынша сот оны 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті", - дейді комитетте.
Тағы бір азамат - Көкшетау қаласының тұрғыны да 2013 жылы шетелге кеткен. Интернетте терроризм мен діни экстремизм идеяларын насихаттаған.
"ҰҚК шетелдік арнайы қызметпен бірлесіп жүргізген операцияның нәтижесінде ұсталып, елге жеткізілді. Сот шешімімен терроризмді насихаттағаны және діни алауыздықты қоздырғаны үшін 9 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды", - дейді ведомствода.
Осы кезең ішінде Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола және Ұлытау облыстарында террористік қылмыс жасаған 6 діни радикал ұсталды. Сонымен қатар бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан тағы 4 адамға сотталғандар арасында терроризмді насихаттады және діни алауыздықты қоздырды деген айып тағылды.
"Олар интернетте және өз айналасында террористік, экстремистік материалдар таратқан, сондай-ақ олардың ұстанымдарын қолдамайтындарға қатысты күш көрсетуге шақырды деп күдіктелуде", - дейді Ұлттық қауіпсіздік комитетінде.
Қылмыстық кодекстің 174 және 256-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіліп жатыр.