https://sputnik.kz/20260320/maskeude-nauryz-meyramy-atalyp-otti-62065522.html
Мәскеуде Наурыз мейрамы аталып өтті
Мәскеуде Наурыз мейрамы аталып өтті
Sputnik Қазақстан
Мерекеде көктемнің басты тағамы Наурыз көже және қазақ асханасының дәстүрлі тағамдары ұсынылды 20.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-20T21:38+0500
2026-03-20T21:38+0500
2026-03-20T21:38+0500
наурыз
наурыз мейрамы
22 наурыз
наурыз көже
мәскеу
https://sputnik.kz/img/07ea/03/14/62065664_0:36:1155:686_1920x0_80_0_0_7f796e214a22d6a460db4ee9d68756cd.jpg
АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің ұйымдастыруымен Халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесі аумағындағы "Қазақстан" павильонында Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігі.Іс-шараға қонақтары Мәскеуде және қосымша Қазақстанда аккредиттелген шет мемлекеттердің елшілері, халықаралық ұйымдардың қызметкерлері, Ресей өңірлерінен келген отандастар, жоғары оқу орындарындағы қазақстандық студенттер қатысты.Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев Наурыздың жаңару символы екенін және биылғы жылы еліміз мерекені саяси және мемлекеттік-құқықтық жаңарудың белгісі болған жаңа Конституциямен бірге атап өтіп жатқанын мәлімдеді.Ресей қазақ қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері іс-шара барысында қатысушыларға өз жылы лебізін білдірді.Мәскеудегі Қазақ ұлттық-мәдени автономиясының вице-президенті Гүлшат Әлімова Мәскеуде тұрғанымен, ұлттық дәстүрлерді құрметтейтінін, сақтайтынын және жас ұрпаққа жеткізетінін атап өтті. "Жолдастық" қазақ мәдениеті өңірлік қоғамдық ұйымы (Астрахан облысы) төрағасының орынбасары Әлия Ғұмарова өңірде Наурыз мейрамы кеңінен аталып өтіп жатқанын және ол биыл 18 сәуірде мерекеленетінін еске салды. Сондай-ақ, қазақстандықтарды жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтап, денсаулық, бейбітшілік және өркендеу тіледі.Мерекеде көктемнің басты тағамы Наурыз көже және қазақ асханасының дәстүрлі тағамдары ұсынылды. Іс-шара қонақтары концерттік бағдарламаны тамашалады. Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан Академиялық филармониясының әртістері Еркін Өтегенов пен Айбар Хайырханов, сондай-ақ виртуоз баяншы Олжас Нұрланов пен әнші Александр Фролов өздерінің шығармашылық шеберлігін көрсетті.
https://sputnik.kz/20260319/astana-men-almatyda-nauryz-kunderi-qanday-is-sharalar-otedi-62031390.html
мәскеу
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/03/14/62065664_98:0:1058:720_1920x0_80_0_0_e1477ff001ee5a273586f6735e23f1f2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
наурыз, наурыз мейрамы, 22 наурыз, наурыз көже, мәскеу
наурыз, наурыз мейрамы, 22 наурыз, наурыз көже, мәскеу
Мәскеуде Наурыз мейрамы аталып өтті
Мерекеде көктемнің басты тағамы Наурыз көже және қазақ асханасының дәстүрлі тағамдары ұсынылды
АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің ұйымдастыруымен Халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесі аумағындағы "Қазақстан" павильонында Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігі.
Іс-шараға қонақтары Мәскеуде және қосымша Қазақстанда аккредиттелген шет мемлекеттердің елшілері, халықаралық ұйымдардың қызметкерлері, Ресей өңірлерінен келген отандастар, жоғары оқу орындарындағы қазақстандық студенттер қатысты.
Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев Наурыздың жаңару символы екенін және биылғы жылы еліміз мерекені саяси және мемлекеттік-құқықтық жаңарудың белгісі болған жаңа Конституциямен бірге атап өтіп жатқанын мәлімдеді.
"Ғасырлар өте келе біздің әлеуметтік-тұрмыстық және өркениеттік өмір салтымыз түбегейлі өзгерсе де, бұл мерекенің мағынасы әлі де өзекті болып қала береді, тіпті одан да құдіретті және жан-жақты бола түсті" - деді елші.
Ресей қазақ қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері іс-шара барысында қатысушыларға өз жылы лебізін білдірді.
Мәскеудегі Қазақ ұлттық-мәдени автономиясының вице-президенті Гүлшат Әлімова Мәскеуде тұрғанымен, ұлттық дәстүрлерді құрметтейтінін, сақтайтынын және жас ұрпаққа жеткізетінін атап өтті.
"Бұл біздің Отанымыз, біз өзіміздің шығу тегімізді ұмытпауымыз керек", – деді ол.
"Жолдастық" қазақ мәдениеті өңірлік қоғамдық ұйымы (Астрахан облысы) төрағасының орынбасары Әлия Ғұмарова өңірде Наурыз мейрамы кеңінен аталып өтіп жатқанын және ол биыл 18 сәуірде мерекеленетінін еске салды. Сондай-ақ, қазақстандықтарды жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтап, денсаулық, бейбітшілік және өркендеу тіледі.
Мерекеде көктемнің басты тағамы Наурыз көже және қазақ асханасының дәстүрлі тағамдары ұсынылды. Іс-шара қонақтары концерттік бағдарламаны тамашалады. Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан Академиялық филармониясының әртістері Еркін Өтегенов пен Айбар Хайырханов, сондай-ақ виртуоз баяншы Олжас Нұрланов пен әнші Александр Фролов өздерінің шығармашылық шеберлігін көрсетті.