Көкпардан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы финалға шықты

© Photo : дирекция V Всемирных игр кочевниковсборная Казахстана выиграла сборную США по кокпару
сборная Казахстана выиграла сборную США по кокпару - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.03.2026
Жазылу
АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Түркістанда өтіп жатқан көкпардан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы финалға шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жартылай финалда қазақстандық көкпаршылар Ресей командасын 6:4 есебімен жеңді. Ал Өзбекстан құрамасы Ауғанстаннан басым түсіп, финалға шықты.
Финал ертең, 21 наурыз күні Түркістан қаласының ипподромында өтеді.
Айта кетері, көкпардан әлем чемпионаты соңғы рет 2017 жылы ұйымдастырылған болатын. Сол кезде Қазақстан құрамасы Қырғызстан көкпаршыларын 4:1 есебімен жеңген. Ал биылғы чемпионатқа Ауғанстан, Қытай, Мажарстан, Моңғолия, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркия мен Қазақстан командалары қатысып отыр.
Встреча Ермека Маржикпаева с Чрезвычайным и полномочным послом Кыргызстана в Казахстане Дастаном Дюшекеевым - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.09.2024
Көкпар дауы кезінде арандататын видео түсірген қырғызстандық кешірім сұрады
Жаңалықтар
0