https://sputnik.kz/20260320/fitso-fon-der-lyayennin-ukrainaga-kredit-beru-turaly-uadesin-synga-aldy-62063799.html
Фицо фон дер Ляйеннің Украинаға кредит беру туралы уәдесін сынға алды
Фицо фон дер Ляйеннің Украинаға кредит беру туралы уәдесін сынға алды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Словакия премьер-министрі Роберт Фицо жұма күні Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйеннің Украинаға "қалай болғанда да" кредит... 20.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-20T22:18+0500
2026-03-20T22:18+0500
2026-03-20T22:18+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/17/49471525_0:0:768:432_1920x0_80_0_0_bbf6fb3cdf1975374497c3151d50afaa.jpg
АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Словакия премьер-министрі Роберт Фицо жұма күні Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйеннің Украинаға "қалай болғанда да" кредит беру жөніндегі уәдесін сынға алды.Брюссельде өткен Еуроодақ саммитінің қорытындысы бойынша Еурокомиссия басшысы Киевке берілуге тиіс 90 миллиард еуро көлеміндегі кредитті Венгрия әлі бұғаттан босатпағанын, бірақ ЕО "қалай болғанда да" келісім жасауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.Украина 27 қаңтарда Ресей мұнайын өз аумағы арқылы Словакия мен Венгрияға транзиттеуді тоқтатты. Оған құбырдың зақымдануы себеп болғаны айтылды. Словакия билігі құбырдың әлі де жұмыс істеп тұрғанын айтады. Сондықтан олар мұнай жеткізілімінің тоқтауын Украина тарапының саяси шешімі деп санайды және оны қысым көрсету әрекеті деп бағалаған.
https://sputnik.kz/20260320/druzhba-qubyry-zhumys-istemeyinshe-ukraina-qarzhy-almaydy---siyyarto-62046937.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/17/49471525_96:0:672:432_1920x0_80_0_0_6fe189d94b1e5e925324d8460361f861.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Фицо фон дер Ляйеннің Украинаға кредит беру туралы уәдесін сынға алды
АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Словакия премьер-министрі Роберт Фицо жұма күні Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйеннің Украинаға "қалай болғанда да" кредит беру жөніндегі уәдесін сынға алды.
Брюссельде өткен Еуроодақ саммитінің қорытындысы бойынша Еурокомиссия басшысы Киевке берілуге тиіс 90 миллиард еуро көлеміндегі кредитті Венгрия әлі бұғаттан босатпағанын, бірақ ЕО "қалай болғанда да" келісім жасауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
"Еурокомиссия төрағасының Украина 90 миллиард алады деген кешегі сөзі дұрыс емес деп есептеймін. Ол (Владимир) Зеленскийге: "Дружба" туралы ойлама, құбыр туралы уайымдама, өйткені қалай болғанда да 90 миллиардты аласың деп ашық айтқандай болды", – деді Фицо саммит қорытындысы бойынша өткен конференцияда. Оны Словакияның ТАЗ телеарнасы көрсетті.
Украина 27 қаңтарда Ресей мұнайын өз аумағы арқылы Словакия мен Венгрияға транзиттеуді тоқтатты. Оған құбырдың зақымдануы себеп болғаны айтылды. Словакия билігі құбырдың әлі де жұмыс істеп тұрғанын айтады. Сондықтан олар мұнай жеткізілімінің тоқтауын Украина тарапының саяси шешімі деп санайды және оны қысым көрсету әрекеті деп бағалаған.