Астанада дрон-шоу болады

© Sputnik/Ертай СарбасовШоу дронов в Алматы
Шоу дронов в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.03.2026
Жазылу
Дрон-шоу 21 наурызда сағат 20:00 мен 21:00-дің аралығында "Қазақ Елі" алаңында басталады
АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Астанада Наурыз мейрамы қарсаңында дрон-шоу болады. Қала әкімдігі іс-шараның өтетін жері мен уақытын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін қалада бірнеше рет дрон-шоу ұйымдастырылған. Осы жолы да шоу негізгі шаралардың бағдарламасына енгізілді.
"21 наурызда сағат 20:00 мен 21:00-дің аралығында "Қазақ Елі" алаңында дрон-шоу басталады. Елорданың аспаны үлкен экранға айналады. Ал қала тұрғындары мен қонақтары қазақ мәдениеті мен салт-дәстүріне арналған анимациялық композицияларды тамашалай алады", - делінген әкімдіктің ресми хабарламасында.
Айта кетері, Астана мен Алматы қалаларында Наурыз мерекесіне орай жүздеген іс-шара өтеді. Үш күндік бағдарламаны мына жерден көруге болады.
Наурыз в Астане  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.03.2026
Астана мен Алматыда Наурыз күндері қандай іс-шаралар өтеді
Жаңалықтар
0