Жаһандық сын-қатерлер жағдайындағы Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастығы – видео

Жазылу
"Жаһандық сын-қатерлер мен қауіптер жағдайындағы Қазақстан– Ресей ынтымақтастығы" тақырыбындағы баспасөз конференциясы Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында өтті.
Жылдам өзгеріп жатқан геосаяси жағдай аясында интеграциялық процестер күшейе ме? Бұл мәселені сарапшылар талқылады.
Қатысушылар:
Рүстем Құрманғожин, тарих ғылымдарының кандидаты, Нархоз университетінің қауымдастырылған профессоры, халықаралық қатынастар және Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты саласындағы сарапшы;
Максим Крамаренко, Еуразиялық саясат институтының жетекшісі.
Евгений Кожокин, тарих ғылымдарының докторы, Ресей мемлекеттік гуманитарлық университеті халықаралық қатынастар, саясаттану және шетелдік аймақтану факультетінің деканы;
Станислав Притчин, тарих ғылымдарының кандидаты, Ресей Ғылым академиясының Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институты Посткеңестік зерттеулер орталығының Орталық Азия секторының меңгерушісі;
Дарья Сапрынская, РҒА Шығыстану институтының қазіргі Орталық Азия және Кавказ зертханасының ғылыми қызметкері;
Алексей Гривач, Ұлттық энергетикалық қауіпсіздік қоры бас директорының орынбасары;
Екіжақты ынтымақтастық қалай дамиды? Жылдам өзгеріп жатқан геосаяси жағдай аясында интеграциялық процестер күшейе ме? Таяу Шығыстағы қақтығыстың екі ел үшін қандай тәуекелдері мен мүмкіндіктері бар? Осы және өзге де сұрақтарға кездесуге қатысушылар жауап береді.
Жаңалықтар
0