Қазақстан әлемдегі ең ірі 40 экономиканың қатарына енді

© Sputnik / Санат ИмангалиевВиды Астаны
Виды Астаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.03.2026
Жазылу
Республика сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі бойынша ЖІӨ көлемі жағынан 36-орында тұр
АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Қазақстан әлемдегі ең ірі 40 экономиканың қатарына енді. Бұл туралы Халықаралық валюта қоры хабарлады.
Қор сарапшылары 36-орынды иеленген республиканың экономика көлемін 973 миллиард доллар деп бағалады. Сондай-ақ Қазақстан экономикалық белсенділік деңгейі мен өндіріс көлемі бойынша басқа елдерден озып, Орталық Азиядағы ең ірі экономика болып қалды.
Рейтинг көшін 3,18 триллион доллар көрсеткішімен Қытай бастады. Екінші орында – АҚШ, ал үшінші орында – Үндістан.
2026 жылы сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі бойынша есептелген әлемдік экономиканың көлемі шамамен 219 триллион долларды құрайды, деп хабарлады Visual Capitalist аналитикалық платформасының сарапшылары.
"АҚШ номиналды ЖІӨ бойынша әлемдегі ең ірі экономика болғанымен, сатып алу қабілетінің теп-теңдігін ескергенде Қытай іс жүзінде 2014 жылдан бері әлемдегі басым экономикаға айналды", — дейді сарапшылар.
Сонымен қатар, Қытай экономикасы 43,5 триллион долларға бағаланады, бұл АҚШ-тың 31,8 триллион долларлық көрсеткішінен едәуір жоғары.
Регистрация он-лайн через мобильный телефон - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.01.2025
Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша әлемде нешінші орында тұр
Жаңалықтар
0