https://sputnik.kz/20260319/kokshetauda-er-adam-aliment-boyynsha-bereshegin-toleu-ushin-buyregin-satpaq-boldy-62024256.html
Көкшетауда ер адам алимент бойынша берешегін төлеу үшін бүйрегін сатпақ болған
Көкшетауда ер адам алимент бойынша берешегін төлеу үшін бүйрегін сатпақ болған
Sputnik Қазақстан
Ол әлеуметтік желіде өзінің бүйрегін сату туралы хабарландыру жариялаған 19.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-19T14:47+0500
2026-03-19T14:47+0500
2026-03-19T14:50+0500
көкшетау
алимент
сот
https://sputnik.kz/img/781/95/7819525_0:0:4000:2251_1920x0_80_0_0_51cb5dd60cf0adc02cbc9b18f90f7a30.jpg
АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Көкшетауда ер адам алимент төлеу үшін бүйрегін сатпақ болған, деп хабарлайды Ақмола облысының соты.Көкшетау қалалық соты өз бүйрегін сату бойынша заңсыз мәміле жасауға әрекет жасаған ер адамға қатысты қылмыстық істі қарады.Ақпанда сотталушы медициналық тексеруден өту және мәміле жасасу үшін Көкшетау қаласына келген. Бірақ жалған сатып алушыдан ақшаның бір бөлігін алған кезде оны полиция қызметкерлері ұстады."Сотталушы бүйректі сату туралы хабарландыру жариялағанын мойындады. Бұл әрекетке материалдық қиындыққа тап болып, алимент төлеу үшін барғанын айтты", - дейді.Сот үкімімен пробациялық бақылау белгіленіп, 2 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
https://sputnik.kz/20260223/almatyda-er-adam-buyregin-25-myn-dollarga-satpaq-bolgan-61394178.html
көкшетау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/781/95/7819525_313:0:3774:2596_1920x0_80_0_0_7d86776e6e96bc3c9abe05311cf2e794.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көкшетау, алимент, сот
Көкшетауда ер адам алимент бойынша берешегін төлеу үшін бүйрегін сатпақ болған
14:47 19.03.2026 (жаңартылды: 14:50 19.03.2026) Ол әлеуметтік желіде өзінің бүйрегін сату туралы хабарландыру жариялаған
АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Көкшетауда ер адам алимент төлеу үшін бүйрегін сатпақ болған, деп хабарлайды Ақмола облысының соты.
Көкшетау қалалық соты өз бүйрегін сату бойынша заңсыз мәміле жасауға әрекет жасаған ер адамға қатысты қылмыстық істі қарады.
"Биыл қаңтарда Алматы облысының 34 жастағы тұрғыны әлеуметтік желіде өзінің бүйрегін сату туралы хабарландыру жариялаған. Хабарландыру жарияланғаннан кейін ол Көкшетау қаласының тұрғынынан ұсыныс алған. Көкшетаулық тұрғын заңсыз мәміленің жолын кесуге полицияға өз еркімен көмектескен", - дейді сотта.
Ақпанда сотталушы медициналық тексеруден өту және мәміле жасасу үшін Көкшетау қаласына келген. Бірақ жалған сатып алушыдан ақшаның бір бөлігін алған кезде оны полиция қызметкерлері ұстады.
"Сотталушы бүйректі сату туралы хабарландыру жариялағанын мойындады. Бұл әрекетке материалдық қиындыққа тап болып, алимент төлеу үшін барғанын айтты", - дейді.
Сот үкімімен пробациялық бақылау белгіленіп, 2 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.