https://sputnik.kz/20260319/gylymdy-qarzhylandyrudyn-naqty-natizhesin-kore-almay-otyrmyz--toqaev-62027700.html
Ғылымды қаржыландырудың нақты нәтижесін көре алмай отырмыз – Тоқаев
Ғылымды қаржыландырудың нақты нәтижесін көре алмай отырмыз – Тоқаев
Sputnik Қазақстан
Мемлекет басшысы үкіметке жағдайды түзеу үшін шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды 19.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-19T17:53+0500
2026-03-19T17:53+0500
2026-03-19T17:53+0500
қасым-жомарт тоқаев
ғылым
https://sputnik.kz/img/07ea/03/13/62027193_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_e15aaff6c7dbd3326532c5b65d93c0a7.jpg
АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ғылыми қоғамдастықпен кездесуде ғылымды қаржыландырудың тиімділігін сынға алып, шұғыл шаралар қабылдауды талап етті. Бұл туралы Ақорда хабарлады.Қасым-Жомарт Тоқаев ғылымды қаржыландыру ісіне қатаң тәртіп керек, қаражатты басымдықтарға қарай жұмсаған жөн деп санайдыОның айтуынша Бас прокуратура салалық министрлікте және Ғылым қорында көптеген әрі ауқымды қаржылық заңбұзушылықтарға жол берілгенін әшкерелеген."Неліктен осылай болғанын тап басып айту қиын. Грант алушыларды аккредиттеуден бастап қаржыландыру үдерісінің барлық кезеңінде кемшіліктер көзге көрініп тұр. Менің түсінігімде, ғылым мен жемқорлық бір біріне кереғар құбылыс, екеуі қатар аталмауға тиіс. Мемлекет қаржысын жымқырғысы келетін кез келген әрекетке тосқауыл қоятын сүзгі не кедергі жоқ. Ғылыми үдерісті дамытудың тұжырымды көзқарасы қалыптаспаған", - деп сынға алды Қасым-Жомарт Тоқаев.Ол "әйтеуір қаражатты қалайда игерсек болды" деген ұстаным тамыр жайғанын атап өтті."Ғылыми жұмыстың нақты пайдасы, жаңашылдығы қандай? Оған ешкім бас қатырмайды. Бұған қоса, сараптама ұзаққа созылады. Жобалар уақтылы іске аспайды. Үкімет аталған мәселелерді егжей-тегжейлі тексеріп, жағдайды түзеу үшін шұғыл шаралар қабылдауы қажет", – деп тапсырды президент.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/03/13/62027193_6:0:1162:867_1920x0_80_0_0_ef54f1f2c1ee14a8e300201c21c2ca51.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, ғылым
қасым-жомарт тоқаев, ғылым
Ғылымды қаржыландырудың нақты нәтижесін көре алмай отырмыз – Тоқаев
Мемлекет басшысы үкіметке жағдайды түзеу үшін шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды
АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ғылыми қоғамдастықпен кездесуде ғылымды қаржыландырудың тиімділігін сынға алып, шұғыл шаралар қабылдауды талап етті. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев ғылымды қаржыландыру ісіне қатаң тәртіп керек, қаражатты басымдықтарға қарай жұмсаған жөн деп санайды
"Мемлекет соңғы алты жылда ғылымға арналған қаржыны бірнеше есе ұлғайтты. Жыл сайын ғылымға 200 миллиард теңгеден астам, тіпті, бұдан да көп, 500 миллион доллардан аса қаржы бөлінеді. Бұл – Қазақстан үшін қомақты ақша. Алайда ғылымды қаржыландырудың нақты нәтижесін әзірге көре алмай отырмыз", - деді президент.
Оның айтуынша Бас прокуратура салалық министрлікте және Ғылым қорында көптеген әрі ауқымды қаржылық заңбұзушылықтарға жол берілгенін әшкерелеген.
"Неліктен осылай болғанын тап басып айту қиын. Грант алушыларды аккредиттеуден бастап қаржыландыру үдерісінің барлық кезеңінде кемшіліктер көзге көрініп тұр. Менің түсінігімде, ғылым мен жемқорлық бір біріне кереғар құбылыс, екеуі қатар аталмауға тиіс. Мемлекет қаржысын жымқырғысы келетін кез келген әрекетке тосқауыл қоятын сүзгі не кедергі жоқ. Ғылыми үдерісті дамытудың тұжырымды көзқарасы қалыптаспаған", - деп сынға алды Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ол "әйтеуір қаражатты қалайда игерсек болды" деген ұстаным тамыр жайғанын атап өтті.
"Ғылыми жұмыстың нақты пайдасы, жаңашылдығы қандай? Оған ешкім бас қатырмайды. Бұған қоса, сараптама ұзаққа созылады. Жобалар уақтылы іске аспайды. Үкімет аталған мәселелерді егжей-тегжейлі тексеріп, жағдайды түзеу үшін шұғыл шаралар қабылдауы қажет", – деп тапсырды президент.