https://sputnik.kz/20260319/ekibastuz-eldegi-monoqalalar-tizbesinen-shygaryldy-62008349.html
Екібастұз елдегі моноқалалар тізбесінен шығарылды
Екібастұз елдегі моноқалалар тізбесінен шығарылды
Sputnik Қазақстан
Бүгінгі таңда Екібастұз еліміздің энергетика және металлургия саласында шешуші рөл атқаратын маңызды өнеркәсіп орталығы болып отыр 19.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-19T08:35+0500
2026-03-19T08:35+0500
2026-03-19T08:35+0500
министрлік
екібастұз
экономика
https://sputnik.kz/img/old/154/56/1545647_0:154:3008:1846_1920x0_80_0_0_9991296193888e6705d3a0eadf22856f.jpg
АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Ұлттық экономика министрлігі еліміздегі моноқалалар тізбесін жаңартты."Екібастұз экономиканы табысты әртараптандыруды көрсетіп отыр. Сол себепті ұлттық экономика министрінің 2026 жылдың 10 наурызындағы бұйрығына сәйкес Екібастұз қаласы моноқалалар тізбесінен шығарылды", - деп жазылған министрлік жариялаған хабарламада.Министрлік хабарлауынша, моноқалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуына 78 негізгі көрсеткіш бойынша кешенді талдау жүргізді.Талдау нәтижесі бойынша, Екібастұз экономиканы әртараптандырудың тұрақты үрдісін, дамудың монопрофильді моделінен біртіндеп шығуды көрсетті. Қала экономикасы теңдестірілген салалық құрылыммен, өнеркәсіптің тұрақты өсуімен және жоғары инвестициялық белсенділікпен сипатталады.Бүгінгі таңда Екібастұз еліміздің энергетика және металлургия саласында шешуші рөл атқаратын маңызды өнеркәсіп орталығы болып отыр. 2025 жылғы қорытынды бойынша қаладағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1 629,4 млрд теңге. Бұл 2024 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда, 28,1%-ға артық. Негізгі капиталға салынған инвестиция 429,8 млрд теңгеге жетіп, өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,2 есе өскен.Жаңартылған бұйрықпен 19 моноқаланың тізбесі бекітілді:Екібастұзды тізбеден шығару қала экономикасының табысты трансформациясының көрсеткіші, дейді министрлікте.
https://sputnik.kz/20260212/ekibastuzda-iri-elektr-stantsiyasy-salynady-61109800.html
екібастұз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/154/56/1545647_171:0:2838:2000_1920x0_80_0_0_c613d165e078b50f0f1a0f94cb1177a3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
министрлік, екібастұз, экономика
министрлік, екібастұз, экономика
Екібастұз елдегі моноқалалар тізбесінен шығарылды
Бүгінгі таңда Екібастұз еліміздің энергетика және металлургия саласында шешуші рөл атқаратын маңызды өнеркәсіп орталығы болып отыр
АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Ұлттық экономика министрлігі еліміздегі моноқалалар тізбесін жаңартты.
"Екібастұз экономиканы табысты әртараптандыруды көрсетіп отыр. Сол себепті ұлттық экономика министрінің 2026 жылдың 10 наурызындағы бұйрығына сәйкес Екібастұз қаласы моноқалалар тізбесінен шығарылды", - деп жазылған министрлік жариялаған хабарламада.
Министрлік хабарлауынша, моноқалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуына 78 негізгі көрсеткіш бойынша кешенді талдау жүргізді.
Талдау нәтижесі бойынша, Екібастұз экономиканы әртараптандырудың тұрақты үрдісін, дамудың монопрофильді моделінен біртіндеп шығуды көрсетті. Қала экономикасы теңдестірілген салалық құрылыммен, өнеркәсіптің тұрақты өсуімен және жоғары инвестициялық белсенділікпен сипатталады.
Бүгінгі таңда Екібастұз еліміздің энергетика және металлургия саласында шешуші рөл атқаратын маңызды өнеркәсіп орталығы болып отыр. 2025 жылғы қорытынды бойынша қаладағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1 629,4 млрд теңге. Бұл 2024 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда, 28,1%-ға артық. Негізгі капиталға салынған инвестиция 429,8 млрд теңгеге жетіп, өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,2 есе өскен.
Жаңартылған бұйрықпен 19 моноқаланың тізбесі бекітілді:
Екібастұзды тізбеден шығару қала экономикасының табысты трансформациясының көрсеткіші, дейді министрлікте.