Жүкті және баласы бар мемлекеттік қызметшілер жарты күн жұмыс істей алады

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуБеременные женщины, архивное фото
Беременные женщины, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.03.2026
Жазылу
Мемлекеттік қызметшілердің жалақысы кемінде үш жылда бір рет индекстеледі
АСТАНА, 18 наурыз – Sputnik. Мәжіліс депутаттары "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі" туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Заңда мемлекеттік қызметшілерге және олардың лауазымдық міндеттеріне қойылатын талаптар айқындалып отыр. Ал білікті кадрларды тарту және ұстап қалу мақсатында бірқатар шара қарастырылған. Олар:
мемлекеттік қызметшілердің жалақысын кемінде үш жылда бір рет индекстеу;
бір елді мекеннен екінші елді мекенге ауысқан не мемлекеттік органның орны ауыстырылған жағдайда тұрғын үй төлемін, көтерме жәрдемақыны, олардың мүлкін тасымалдауға жұмсалған шығыстың өтемақысын беру;
басқа елді мекенге ауыстырылған мемлекеттік қызметшілердің балаларын балабақшаға кезектен тыс қабылдау;
баспанамен қамтамасыз ету үшін әзірленген жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламаларына қатысу;
мемлекеттік қызмет өтілі 25 жылдан кем емес, мемлекеттік наградамен немесе уәкілетті органның ведомстволық наградасымен наградталған мемлекеттік қызметші зейнетке шыққан кезде оған төрт лауазымдық айлық мөлшерінде біржолғы ақшалай сыйақы беру;
үстеме жұмыс уақытында, демалыс және мереке күндері жұмыс істегені үшін өтемақы кепілдіктерін белгілеу.
Бұдан бөлек, жүкті әйелдің, үш жасқа дейінгі баласы не балалары бар ата-аналардың, сондай-ақ медициналық қорытындыға сәйкес отбасының науқас мүшесіне күтім жасайтын мемлекеттік қызметшінің жазбаша өтініші бойынша толық емес жұмыс уақыты режимі белгіленеді.
Заңда уақытша еңбекке қабілетсіздік бойынша төлем жасауға қатысты шектеулер бар. Атап айтқанда, қылмыстық құқық бұзушылық жасалса, я болмаса, алкогольді немесе есірткіні тұтыну салдарынан өндірістік жарақат алған жағдайда ондай төлемдер берілмейді.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметші не оның міндетін уақытша атқарушы лауазымға кіріскен күннен бастап өзін құмар ойындарға қатысудан шектеуге міндетті.
"Шаруа немесе фермер қожалығының мүшелері, дара кәсіпкер мемлекеттік қызметке кірген кезде алты ай ішінде кәсіпкерлік қызметті тоқтатуға және мүлікті иеліктен шығаруға міндетті. Мұндай әрекеттер аяқталғанға дейін оның кәсіпкерлік қызметпен айналысуға және өзіне тиесілі мүлікті басқаруға қатысуға құқығы жоқ", - делінген заңда.
Жаңалықтар
0