Жаңа Конституция: министр сөз бостандығы мен цензура жайында айтты

© Photo : Қазақстан президентінің баспасөз қызметіПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиынға қатысты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиынға қатысты - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.03.2026
Жазылу
Заңда ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғауға бағытталған құқықтық тетіктер күшейтіледі
АСТАНА, 18 наурыз– Sputnik. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жаңа Конституция аясында сөз бостандығы мен цензураға қатысты өзгерістер жайында айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкіметтің бүгінгі отырысында заңнаманы жаңа Конституцияға сай келтіру мәселесі қаралды. Сол кезде Балаева сөз бостандығы мен цензура мәселесіне тоқталды.
"Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнаманы жетілдіру жұмысы жалғасуда. Атап айтқанда, сөз еркіндігі, цензураға жол бермеу, азаматтардың ақпаратты алу және тарату құқығы қағидаттарын жан-жақты әрі нақты айқындау көзделіп отыр", - деді Балаева.
Бұдан бөлек, ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғауға бағытталған құқықтық тетіктер күшейтіледі.
"Бұл пікір білдіру еркіндігі мен адамның конституциялық құқықтарын қорғау арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деп атап көрсетті министр.
Айта кетері, 17 наурызда Ақордада өткен салтанатты жиында Қасым-Жомарт Тоқаев референдумда қабылданған жаңа Конституцияға қол қойды.
Ата заңның жаңа нұсқасы 1 шілдеде күшіне енеді.
Бектенов жаңа Конституция бойынша тапсырма берді - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.03.2026
Бектенов бірқатар заңды жаңа Конституцияға сай өзгертуге тапсырма берді
Жаңалықтар
0