Қазақстанда университеттердің ұлттық рейтингі енгізіледі

© Sputnik / Санат ИмангалиевҚазақстанда университеттердің ұлттық рейтингі енгізіледі
Қазақстанда университеттердің ұлттық рейтингі енгізіледі  - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.03.2026
Жазылу
Мемлекеттік білім беру тапсырысы рейтинг нәтижелеріне қарай бөлінеді
АСТАНА, 18 наурыз– Sputnik. Қазақстанда жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингі енгізіледі.
Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ұлттық рейтингті 2027 жылы енгізу жоспарланып отыр.
"Келесі жылдан бастап жоғары оқу орындарын объективті индикаторлар мен көрсеткіштер негізінде бағалауды қарастыратын ЖОО-лардың ұлттық рейтингі енгізіледі", - деді Нұрбек үкіметтің бүгінгі отырысында.
Оның айтуынша, мемлекеттік білім беру тапсырысы, яғни, мамандарды даярлауға бюджет қаржысы рейтинг нәтижелеріне қарай бөлінеді.
"Рейтингтік көрсеткіштері жақсы жоғары оқу орындарына қосымша академиялық дербестік беріледі", - деп атап көрсетті министр.
Жаңа Конституция: мектеп оқулықтарына өзгеріс енгізіледі - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.03.2026
Жаңа Конституция: мектеп оқулықтарына өзгеріс енгізіледі
Жаңалықтар
0