Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Мұнай мәселесі шешілмейінше, Украинаға кредит беруді қолдамаймыз – Венгрия премьері

© Sputnik / Алексей Витвицкий / Медиабанкке өтуЗдание парламента Венгрии в Будапеште
Здание парламента Венгрии в Будапеште - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.03.2026
Жазылу
АСТАНА, 18 наурыз – Sputnik. Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан Еуроодақ саммиті алдында елдің ауқымды текетіреске дайындалып жатқанын мәлімдеді.
Оның айтуынша, Украина "Дружба" құбыры арқылы мұнай транзитін қайта бастамайынша, Венгрия 90 миллиард еуро көлеміндегі несиені қолдамайды.
"Біз Брюссельге барамыз, онда ауқымды текетірес әрі күрделі келіссөз болады. Өйткені Еуропа Украинаға 90 миллиард еуро несие бергісі келеді, бірақ біз мұнай мәселесі шешілмейінше, бұл шешімді қолдамаймыз", – деді Орбан әлеуметтік желіде жарияланған видеоүндеуінде.
Бұған дейін ЕО дипломатиясының басшысы Кая Каллас 19-20 наурыздағы саммитте ЕО елдері Венгрияны Украинаға берілетін кредит бойынша "келісілген міндеттемелерді сақтауға" көндіре алады деп үміттенетінін мәлімдеген болатын.
Украина "Дружба" мұнай құбыры арқылы Ресей мұнайын Словакия мен Венгрия бағытында транзиттеуді 27 қаңтарда тоқтатты. Бұл шешім құбырдың зақымдануына байланысты қабылданғаны айтылды.
Бұған жауап ретінде Венгрия Украинаға дизель жеткізуді тоқтатып, ЕО-ның Киевке 90 миллиард еуро кредит беру туралы шешімін бұғаттады.
Жаңалықтар
0