Биыл бірнеше сыныпқа арналған оқулықтар жаңартылады

© Sputnik / Абзал КалиевБиыл бірнеше сыныпқа арналған оқулықтар жаңартылады
Биыл бірнеше сыныпқа арналған оқулықтар жаңартылады   - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.03.2026
Жазылу
Қазіргі кезде қолданылып жүрген оқулықтар 2018-2019 жылдары басылған
АСТАНА, 18 наурыз – Sputnik. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова биылдан бастап қандай сыныптарда оқулықтар жаңартылатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазіргі кезде мектептерде қолданылып жүрген оқулықтар 2018-2019 жылдары басылған болатын. Содан бері мазмұндық тұрғыда жаңартылмаған.

"Оқулықтардың мазмұны елімізде қабылданған жаңа конституциялық өзгерістерге сәйкес қайта қаралып, заманауи талаптарға сай жаңартылатын болады", - деді Сүлейменова үкіметтің бүгінгі отырысында.

Оқулықтар жаңартылатын сыныптар:
2026 жылы 3, 4, 7, 8, 9 сыныптарға арналған оқулықтар; •
2027 жылы 1, 5 сыныптарда жаңа оқулықтар жарық көреді, ал 10-11 сынып оқулықтарының мазмұны қайта қаралады;
2028 жылы 2 және 6 сыныптарға арналған оқулықтар жаңартылады.
Министрдің айтуынша, осындай кешенді тәсіл оқушылардың сапалы білім алуына, олардың аналитикалық және ғылыми ойлау қабілеттерін дамытуға, ал ең бастысы қазіргі экономикада сұранысқа ие құзыреттерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Жаңа Конституция: мектеп оқулықтарына өзгеріс енгізіледі - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.03.2026
Жаңа Конституция: мектеп оқулықтарына өзгеріс енгізіледі
Жаңалықтар
0