Заңдарды жаңа Конституцияға сәйкестендіру бойынша ауқымды жұмыс күтіп тұр – Тоқаев

© Пресс-служба президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев провел рабочее совещание по вопросу реализации новой Конституции
Касым-Жомарт Токаев провел рабочее совещание по вопросу реализации новой Конституции - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2026
Жазылу
Жалпы, алты конституциялық заң және өзге заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде үш заң қабылдау қажет
АСТАНА, 17 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен биыл 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Конституциясын іске асыру мәселесі жөнінде жұмыс кеңесі өтті, деп хабарлады Ақорда.
Президент бүгін "2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" жарлыққа қол қойғанын атап өтті.
Мемлекет басшысы алда заңдар мен өзге де нормативтік-құқықтық актілердің ережелерін жаңа Конституцияға сәйкестендіру бойынша ауқымды жұмыс тұрғанын айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев, ең алдымен, жаңа Конституцияға сәйкес билік институттарының қызметін айқындайтын заңдарды түзеу қажеттілігіне назар аударды.
"Жалпы, алты конституциялық заң және өзге заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде үш заң қабылдау қажет. Конституция күшіне енетін күнді ескере отырып, тиісті заңдарды Парламент сессиясы аяқталғанға дейін қабылдау керек", - деді президент.
Мемлекет басшысы заңдарды сапалы әрі уақтылы әзірлеп, қабылдауды тапсырды. Сондай-ақ үкімет заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілерді кешіктірмей түзеуге тиіс.
Кеңеске парламент сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, парламент мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов, премьер-министр Олжас Бектенов, мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, президент әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай, президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев және әділет министрі Ерлан Сәрсембаев қатысты.
Жаңалықтар
0