https://sputnik.kz/20260317/toqaevtan-syylyq-algan-oqushy-bedeldi-zhogary-oqu-ornyna-tusti-61969041.html
Тоқаевтан сыйлық алған оқушы беделді жоғары оқу орнына түсті
Тоқаевтан сыйлық алған оқушы беделді жоғары оқу орнына түсті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 17 наурыз – Sputnik. "NURORDA" мектеп-лицейінің оқушысы Нұргүл Егенбергенова АҚШ-тың Массачусетс технологиялық институтына оқуға түсті, деп хабарлайды... 17.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-17T18:43+0500
2026-03-17T18:43+0500
2026-03-17T18:49+0500
қасым-жомарт тоқаев
жоғары білім алу
https://sputnik.kz/img/07e8/05/10/44316185_1:0:1279:719_1920x0_80_0_0_86ed256552f7e53fc6611c8965f46deb.jpg
АСТАНА, 17 наурыз – Sputnik. "NURORDA" мектеп-лицейінің оқушысы Нұргүл Егенбергенова АҚШ-тың Массачусетс технологиялық институтына оқуға түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Бүгінде бұл жоғары оқу орны әлемдік білім беру рейтингінде көш бастап тұр. Оған оқуға түсу ең қиын сынақтардың бірі болып саналады. Мәселен, биылғы оқу жылында 29 мыңнан астам үміткердің ішінен тек 4-5%-ы ғана шақырту алған. Ал шетелдік студенттер үшін іріктеу бұдан да қатаң, қабылдану деңгейі небәрі 2 процентті құрайды.Нұргүлдің ерекше академиялық жетістіктері мен интеллектуалдық әлеуетін тек MIT ғана емес, сонымен қатар әлемдік топ-100 тізіміне кіретін тағы 5 жетекші университет мойындап, шақырту жіберген. Соның ішінде University of British Columbia (UBC, Канада), Hong Kong University of Science and Technology (HKUST, Гонконг), École Polytechnique (Франция), Korea Advanced Institute of Science and Technology (KAIST, Оңтүстік Корея) мен University of Warwick (Ұлыбритания) бар.Айта кетері, бұған дейін Нұргүл Егенбергенова Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке қабылдауында болып, мемлекет басшысының қолынан арнайы сыйақы сертификатын алған болатын.
https://sputnik.kz/20181214/aqnazar-qajymurat-oqshy-8500402.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/05/10/44316185_161:0:1120:719_1920x0_80_0_0_88384e18bc3fcabef25a9e1df21beb2a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, жоғары білім алу
қасым-жомарт тоқаев, жоғары білім алу
Тоқаевтан сыйлық алған оқушы беделді жоғары оқу орнына түсті
18:43 17.03.2026 (жаңартылды: 18:49 17.03.2026) АСТАНА, 17 наурыз – Sputnik. "NURORDA" мектеп-лицейінің оқушысы Нұргүл Егенбергенова АҚШ-тың Массачусетс технологиялық институтына оқуға түсті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Бүгінде бұл жоғары оқу орны әлемдік білім беру рейтингінде көш бастап тұр. Оған оқуға түсу ең қиын сынақтардың бірі болып саналады. Мәселен, биылғы оқу жылында 29 мыңнан астам үміткердің ішінен тек 4-5%-ы ғана шақырту алған. Ал шетелдік студенттер үшін іріктеу бұдан да қатаң, қабылдану деңгейі небәрі 2 процентті құрайды.
Нұргүлдің ерекше академиялық жетістіктері мен интеллектуалдық әлеуетін тек MIT ғана емес, сонымен қатар әлемдік топ-100 тізіміне кіретін тағы 5 жетекші университет мойындап, шақырту жіберген. Соның ішінде University of British Columbia (UBC, Канада), Hong Kong University of Science and Technology (HKUST, Гонконг), École Polytechnique (Франция), Korea Advanced Institute of Science and Technology (KAIST, Оңтүстік Корея) мен University of Warwick (Ұлыбритания) бар.
Айта кетері, бұған дейін Нұргүл Егенбергенова Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке қабылдауында болып, мемлекет басшысының қолынан арнайы сыйақы сертификатын алған болатын.