Тоқаев: Халық Конституциясы 1 шілдеден бастап ресми түрде өз күшіне енеді

© Photo : Қазақстан президентінің баспасөз қызметіПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиынға қатысты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиынға қатысты - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2026
Жазылу
Конституция күнін мемлекеттік мереке ретінде ұлттық деңгейде жыл сайын 15 наурызда атап өтетін болдық, деді президент
АСТАНА, 17 наурыз – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституция ресми түрде 1 шілдеден бастап күшіне енетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бүгін Ақорадада салтанатты шара барысында мемлекет басшысы Ата заңымыздың жаңа нұсқасына қол қойды. Осыдан кейін барша қазақстандықтарды құттықтады.

"Енді Халық Конституциясы 1 шілдеден бастап ресми түрде өз күшіне енеді. Ал Конституция күнін мемлекеттік мереке ретінде ұлттық деңгейде жыл сайын 15 наурызда атап өтетін болдық", - деді мемлекет басшысы.

Президент негізгі құжат шын мәнінде Халық Конституциясы болып шыққанын айтты.
"Оның жобасы шамамен екі жыл бұрын пысықтала бастады. Кейін мұқият талқыланып, зерделеніп жазылды. Конституциямыз – табанды ұжымдық еңбектің нәтижесі", - деді мемлекет басшысы.
Торжественная церемония в честь новой Конституции Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2026
Ақордада жаңа Конституцияны көрсетті
Жаңалықтар
0