Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақыру басталды

© Sputnik / Тимур БатыршинТоржественное мероприятии в честь Дня защитника отечества, 7 мая, в парке имени 28 гвардейцев-панфиловцев
Торжественное мероприятии в честь Дня защитника  отечества, 7 мая, в парке имени 28 гвардейцев-панфиловцев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2026
Жазылу
АСТАНА, 17 наурыз – Sputnik. Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақыру басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қорғаныс министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Бүгіннен қалалық және аудандық шақыру комиссиялары әкім орынбасарларының төрағалығымен азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруға кірісті. 30 маусымға дейін 18-27 жас аралығындағы 21 мыңнан астам азаматты Қарулы күштерге және басқа да әскери құралымдардың қатарына шақыру жоспарланып отыр. Олар:
Қарулы күштерге - 11 мыңнан астам адам;
ІІМ Ұлттық ұланына - 7 мыңнан астам адам;
ҰҚК Шекара қызметіне - 2 мыңға жуық адам;
Төтенше жағдайлар министрлігіне - 400-ге жуық адам;
Мемлекеттік күзет қызметіне - 300 адам.
Барлығына SMS-хабарлама және eGov порталындағы хабарландырулар арқылы кемінде үш күн бұрын шақыру жіберіледі.
"Мұндай хабарламалар ресми шақыру болып есептеледі. Шақырту алған азамат жергілікті әскери басқару органына немесе шақыру пунктіне келуге міндетті", - дейді жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы генерал-майор Алмас Исабеков.
Оның айтуынша, дәлелсіз себептермен жергілікті әскери басқару органдарына келмегені үшін әкімшілік шаралар қолданылуы мүмкін. Ал шақырудан жалтарған жағдайда қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Әскерге шақыру тәртібі өзгереді – президент заңға қол қойды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2025
Әскерге шақыру тәртібі өзгереді – президент заңға қол қойды
Жаңалықтар
0