Израиль Иранның ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы жойылғанын мәлімдеді

© Sputnik / Алексей Дружинин / Медиабанкке өтуСекретарь Высшего совета национальной безопасности Ирана Али Лариджани, архивное фото
Секретарь Высшего совета национальной безопасности Ирана Али Лариджани, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2026
Жазылу
Иранның ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесі хатшысының кеңсесі осы ақпараттан кейін Лариджанидің хатын жариялады
АЛМАТЫ, 17 наурыз – Sputnik. Израильдің Тегеранға жасаған шабуылы кезінде Иранның ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Лариджани қаза тапты. Бұл туралы Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кац мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.
"Жаңа ғана Бас штаб бастығы маған Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Лариджани мен "Басидж" күштерінің басшысы Солейманидың қаза тапқанын хабарлады", - деді Кац.
Иранның Ұлттық қауіпсіздік Жоғары Кеңесі хатшысының кеңсесі Израиль қорғаныс министрінің өлімі туралы мәлімдемесінен кейін Лариджанидің хатын жариялады.
"Иран армиясының әскери-теңіз күштеріне қарасты "Дена" кемесінің шәһид болған жауынгерлері – халықаралық қысым көрсетушілерге қарсы күресте құрбан болған батыр иран халқының бір бөлігі", — делінген оның Telegram каналында жарияланған хатта.
Масуд Пезешкиан - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.03.2026
Иран бір қарыс жерін де бермейді - Масуд Пезешкиан
Жаңалықтар
0