https://sputnik.kz/20260317/eaeo-da-zhana-tekhreglament-talqylanyp-zhatyr-qazaqstan-ondirushilerdi-qalay-qorgaydy-61968793.html
ЕАЭО-да жаңа техрегламент талқыланып жатыр: Қазақстан өндірушілерді қалай қорғайды
ЕАЭО-да жаңа техрегламент талқыланып жатыр: Қазақстан өндірушілерді қалай қорғайды
Sputnik Қазақстан
Жүзімнен жасалмаған жеміс шараптары жақында шарап санатынан шығарылып, оларға жоғары акциз салынады 17.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-17T22:16+0500
2026-03-17T22:16+0500
2026-03-17T22:16+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/886/92/8869255_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_91b3753bff05f8c1b0230d79c2d45817.jpg
АСТАНА, 17 наурыз – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің 9-отырысында ЕАЭО аясында жаңа салық нормаларын қолдану мәселесі қаралды.Маңызды мәселелердің бірі – ЕАЭО алаңында қазір талқыланып жатқан алкоголь өнімдерінің қауіпсіздігі туралы ЕАЭО-ның жаңа техникалық регламент жобасына қатысты, бұл құжатқа сәйкес жүзімнен емес, мысалы алма немесе алмұрттан өндірілетін жеміс шараптары шарап санатына жатқызылмайды.Техникалық регламенттің шарттарын ЕАЭО-ға қатысушы елдердің салалық сарапшылары бірнеше жылдан бері талқылап келеді.Бұл ретте ықтимал сұр схемаларды болдырмау үшін бақылаушы органдар тарапынан жеміс шараптарын өндіруді бақылау күшейтіледі.Бұл шешімді іске асыру үшін Салық кодексіне өзгертулер енгізу қажет, бірақ олар тек Қазақстан техникалық регламентті бекіткеннен кейін қолданысқа енеді. Сондықтан бұл мәселе жүйелік тізімге енгізілген және болашақ түзетулер пакетінде ескеріледі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/886/92/8869255_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_adeb487c566011ae18251581d686af3d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
ЕАЭО-да жаңа техрегламент талқыланып жатыр: Қазақстан өндірушілерді қалай қорғайды
Жүзімнен жасалмаған жеміс шараптары жақында шарап санатынан шығарылып, оларға жоғары акциз салынады
АСТАНА, 17 наурыз – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің 9-отырысында ЕАЭО аясында жаңа салық нормаларын қолдану мәселесі қаралды.
Маңызды мәселелердің бірі – ЕАЭО алаңында қазір талқыланып жатқан алкоголь өнімдерінің қауіпсіздігі туралы ЕАЭО-ның жаңа техникалық регламент жобасына қатысты, бұл құжатқа сәйкес жүзімнен емес, мысалы алма немесе алмұрттан өндірілетін жеміс шараптары шарап санатына жатқызылмайды.
"Регламент қабылданған жағдайда жеміс шараптары жоғары акциз салынатын өнім санатына ауысады", - деп жазылған премьер-министрдің ресми сайты жариялаған хабарламада.
Техникалық регламенттің шарттарын ЕАЭО-ға қатысушы елдердің салалық сарапшылары бірнеше жылдан бері талқылап келеді.
"Жобалық кеңсенің отырысында қатысушылар жаңа техникалық регламент қабылданған жағдайда отандық өндірушілерді қолдау мүмкіндігін қарастырды. Акцизді шарап деңгейінде тек жүзім өнімі үшін ғана емес, сонымен қатар алкогольді қоспай табиғи ашыту арқылы елде өндірілетін басқа да жемістерден алынған шараптар үшін де орнату туралы алдын ала шешім қабылданды", - делінген хабарламада.
Бұл ретте ықтимал сұр схемаларды болдырмау үшін бақылаушы органдар тарапынан жеміс шараптарын өндіруді бақылау күшейтіледі.
Бұл шешімді іске асыру үшін Салық кодексіне өзгертулер енгізу қажет, бірақ олар тек Қазақстан техникалық регламентті бекіткеннен кейін қолданысқа енеді. Сондықтан бұл мәселе жүйелік тізімге енгізілген және болашақ түзетулер пакетінде ескеріледі.