https://sputnik.kz/20260317/aqtobede-internet-arqyly-esirtki-satqandar-17-zhylga-deyin-sottaldy-61963641.html
Ақтөбеде интернет арқылы есірткі сатқандар 17 жылға дейін сотталды
Ақтөбеде интернет арқылы есірткі сатқандар 17 жылға дейін сотталды
Sputnik Қазақстан
Ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында болған 6 адам ұсталды 17.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-17T21:38+0500
2026-03-17T21:38+0500
2026-03-17T21:38+0500
есірткі
есірткі контрабандасы
интернет
https://sputnik.kz/img/07e5/02/18/16373978_22:0:1768:982_1920x0_80_0_0_35d9607156507db6664d7d3c1735d37a.jpg
АЛМАТЫ, 17 наурыз – Sputnik. Ақтөбе облысында интернет арқылы есірткі дүкенін ұйымдастырғандар 17 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады облыстық прокуратура.Қылмыстық схема Telegram мессенджері арқылы жүзеге асырылған және "контактісіз сату" қағидаты бойынша жұмыс істеген.Қылмыстық топтың қатысушылары Қарағанды облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ақмола облысы және Ақтөбе облысы аумақтарында, сондай-ақ Астана қаласында ұсталған.Аталған дерек бойынша өткен жылдың қыркүйек айында Ақтөбе облысының арнайы прокурорлары "Qymyz shop" интернет-дүкені арқылы Қазақстан аумағында психотроптық заттарды таратумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтаған.Құқық қорғау органдары есірткі дүкенінің қызметін толық әшкерелеп, жойды.Тергеу қорытындысы бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды. 16 наурызда Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қылмыстық топтың 6 қатысушысын 15 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айырды.
https://sputnik.kz/20251226/bukil-el-boyynsha-psikhotroptyq-zattardy-satqan-internet-duken-anyqtaldy-59956033.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/18/16373978_240:0:1549:982_1920x0_80_0_0_fd19197c8f23d6b71654546bbe7a15c2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
есірткі, есірткі контрабандасы, интернет
есірткі, есірткі контрабандасы, интернет
Ақтөбеде интернет арқылы есірткі сатқандар 17 жылға дейін сотталды
Ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында болған 6 адам ұсталды
АЛМАТЫ, 17 наурыз – Sputnik. Ақтөбе облысында интернет арқылы есірткі дүкенін ұйымдастырғандар 17 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады облыстық прокуратура.
Қылмыстық схема Telegram мессенджері арқылы жүзеге асырылған және "контактісіз сату" қағидаты бойынша жұмыс істеген.
"Тапсырыс қашықтан қабылданып, төлемдер "дропперлердің" банк карталары арқылы алынған. Бұл қылмыскерлерге ұзақ уақыт бойы заңсыз әрекетті жасырып келуге мүмкіндік берген", — делінген прокуратура хабарламасында.
Қылмыстық топтың қатысушылары Қарағанды облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ақмола облысы және Ақтөбе облысы аумақтарында, сондай-ақ Астана қаласында ұсталған.
"Ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында болған 6 адам ұсталды. Заңсыз айналымнан 10 килограмнан астам психотроптық зат тәркіленді", - деп мәлімдеді прокуратура.
Аталған дерек бойынша өткен жылдың қыркүйек айында Ақтөбе облысының арнайы прокурорлары "Qymyz shop" интернет-дүкені арқылы Қазақстан аумағында психотроптық заттарды таратумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтаған.
Құқық қорғау органдары есірткі дүкенінің қызметін толық әшкерелеп, жойды.
Тергеу қорытындысы бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды. 16 наурызда Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қылмыстық топтың 6 қатысушысын 15 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айырды.