Ақмола облысында әкесі мен баласы есірткі зертханасын ұйымдастырған

© Photo : КНБ КазахстанаЖамбылда тәркіленген есірткі
Жамбылда тәркіленген есірткі - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2026
Жазылу
Тәркіленген есірткі 600 жүз мың бір реттік дозаға тең
АСТАНА, 17 наурыз – Sputnik. Ақмола облысында әкесі мен баласы есірткі зертханасын ұйымдастырған, деп хабарлайды Polisia.kz.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің қызметкерлері Ақмола облысында ірі есірткі зертхасын жойды. 54 жастағы ер адам мен оның 26 жастағы ұлы ұсталды.
Әкесі ұлын заңсыз бизнеске тартып, синтетикалық есірткі өндіруді үйреткен.
Арнайы операция барысында тәркіленгені:
200 келі мефедрон;
2 тоннадан астам прекурсор;
химиялық реактор;
түрлі жабдықтар.
"Тәркіленген есірткі 600 жүз мың бір реттік дозаға тең. Қара нарықтағы құны 5 млрд теңге немесе 10 млн АҚШ долларынан астам. Бұл есірткі заңсыз айналымға түссе, мыңдаған адамның тағдырына балта шабушы еді", — деді ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасы Данияр Мейірхан.
Айта кету керек, прекурсор басқа өңірлерге де жеткізілмек болған.
Қолкісен - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.01.2026
Қарағандыда күніне 30 есірткі орамасын жасырған студент 15 жылға сотталды
Жаңалықтар
0