https://sputnik.kz/20260317/aleumettik-zheli-arqyly-khalyqty-aldagan-er-adam-korshi-elden-ekstraditsiyalandy-61944040.html
Әлеуметтік желі арқылы халықты алдаған ер адам көрші елден экстрадицияланды
Әлеуметтік желі арқылы халықты алдаған ер адам көрші елден экстрадицияланды
Sputnik Қазақстан
Ол сыбайластарымен бірге адамдардың сеніміне кіріп, салынған инвестиция сомасынан бірнеше есе көп табыс алуға уәде берген 17.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-17T10:12+0500
2026-03-17T10:12+0500
2026-03-17T10:12+0500
бас прокуратура
әлеуметтік желілер
қылмыс
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:125:1201:800_1920x0_80_0_0_4e603bb753a4668d5fe23d1c8b5be3d8.jpg
АСТАНА, 17 наурыз – Sputnik. Ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында бірнеше рет алаяқтық жасаған күдікті Ресейден экстрадицияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Ресми мәліметке сәйкес, ер адам 2023–2024 жылдары сыбайластарымен бірге Instagram* арқылы адамдардың сеніміне кіріп, салынған инвестиция сомасынан бірнеше есе көп табыс алуға уәде берген. Осылайша, өз компанияларына ақша салуға үгіттеген."Бірақ ақша қаражаттарын алғаннан кейін, оларды қылмыстық топ қатысушыларының арасында бөліп, өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Алаяқтардың қылмыстық әрекеттері салдарынан Қазақстанның әртүрлі өңірлеріндегі 75 азаматқа жалпы сомасы шамамен 80 млн теңге көлемінде залал келтірілген", - дейді прокурорлар.Бұған дейін осы қылмыс үшін төрт адам әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған болатын. Ал тағы біреуі көрші елге қашып кеткен. Осыдан кейін оған халықаралық іздеуге жарияланды. 2025 жылғы наурызда ол Ресей аумағында ұсталып, Қазақстанның бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.Қазіргі кезде күдікті тергеу изоляторына қамалды. Оған тағылған айып бойынша 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы қарастырылған.*Мета (Facebook және Instagram) қызметіне Ресейде экстремистік деп тыйым салынған.
https://sputnik.kz/20260209/turgyn-uy-qurylysyna-arnalgan-qarazhatty-zhymqyrgan-turik-azamaty-ekstraditsiyalandy-61043990.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:0:1067:800_1920x0_80_0_0_6126eb18119694686f95d89e748fc25a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бас прокуратура, әлеуметтік желілер, қылмыс
бас прокуратура, әлеуметтік желілер, қылмыс
Әлеуметтік желі арқылы халықты алдаған ер адам көрші елден экстрадицияланды
Ол сыбайластарымен бірге адамдардың сеніміне кіріп, салынған инвестиция сомасынан бірнеше есе көп табыс алуға уәде берген
АСТАНА, 17 наурыз – Sputnik. Ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында бірнеше рет алаяқтық жасаған күдікті Ресейден экстрадицияланды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Ресми мәліметке сәйкес, ер адам 2023–2024 жылдары сыбайластарымен бірге Instagram* арқылы адамдардың сеніміне кіріп, салынған инвестиция сомасынан бірнеше есе көп табыс алуға уәде берген. Осылайша, өз компанияларына ақша салуға үгіттеген.
"Бірақ ақша қаражаттарын алғаннан кейін, оларды қылмыстық топ қатысушыларының арасында бөліп, өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Алаяқтардың қылмыстық әрекеттері салдарынан Қазақстанның әртүрлі өңірлеріндегі 75 азаматқа жалпы сомасы шамамен 80 млн теңге көлемінде залал келтірілген", - дейді прокурорлар.
Бұған дейін осы қылмыс үшін төрт адам әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған болатын. Ал тағы біреуі көрші елге қашып кеткен. Осыдан кейін оған халықаралық іздеуге жарияланды. 2025 жылғы наурызда ол Ресей аумағында ұсталып, Қазақстанның бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.
Қазіргі кезде күдікті тергеу изоляторына қамалды. Оған тағылған айып бойынша 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы қарастырылған.
*Мета (Facebook және Instagram) қызметіне Ресейде экстремистік деп тыйым салынған.