9 мың адамға 1,7 млн теңгеден беріледі - министрлік

Теңге - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2026
Жазылу
39,9 мың қазақстандық жұмысқа орналастырылды
АСТАНА, 17 наурыз – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыстпен қамту шаралары бойынша есеп берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ресми мәліметке сәйкес, 1 наурызға дейін тиісті шаралармен 46,9 мың адам қамтылды. Ал 39,9 мың қазақстандық жұмысқа орналастырылды. Соның ішінде субсидияланатын жұмыс орындарына 20,3 мың адам жұмысқа ораналасты. Олар:
әлеуметтік жұмыс орындарында - 1,6 мың адам;
жастар практикасында - 894 адам;
қоғамдық жұмыстарға - 16,5 мың адам;
"Күміс жас" жобасы аясында 1,2 мың адам.
Қалған 19,6 мың адам электрондық еңбек биржасы арқылы жұмыс тапты.
"Жаңа бизнес-бастамаларды жүзеге асыру үшін халықтың әлеуметтік осал санатына жататын азаматтарға 400 АЕК-ке дейін (1 730 000 теңге) 9 мың грант беру жоспарланып отыр", - дейді министрлік мамандары.
Бұдан бөлек, еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 13,2 мың жұмыссыз адам қамтылды. Ал "Бастау Бизнес" жобасымен қамтылғандар да аз емес, барлығы - 6,9 мың адам. Кәсіптік оқытуға тағы 10 мың адамды жіберу жоспарланған.
Виды Астаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.03.2026
Салық төлеушілерге қарызды кепілсіз бөліп төлеу мүмкіндігі беріледі
Жаңалықтар
0