Тоқаев пен Жапаров қазақ-қырғыз қарым-қатынасын нығайту перспективасын талқылады

© Photo : АкордаТокаев наградил Жапарова орденом "Алтын Кыран"
Токаев наградил Жапарова орденом Алтын Кыран - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.03.2026
Жазылу
Тараптар екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты жан-жақты тереңдетуге ниетті екендерін растады
АСТАНА, 16 наурыз – Sputnik. Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапар Садыр Жапаров мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстандағы жалпыхалықтық референдумның табысты өтуімен телефон арқылы құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.
Қырғызстан президентінің пікірінше, жаңа Конституция бойынша дауыс беру қорытындысы қазақстандықтардың Қасым-Жомарт Тоқаев қолға алған саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғыру жолын толық қолдайтынын көрсетеді.
"Мемлекет басшысы жылы лебізі және Қырғызстаннан байқаушылар жібергені үшін Садыр Жапаровқа ризашылығын білдірді. Сондай-ақ конституциялық реформа мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталғанын айтты", - деп жазылған хабарламада.
Тараптар қазақ-қырғыз сан қырлы қарым-қатынасын одан әрі нығайту перспективасын талқылады. Екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты жан-жақты тереңдетуге ниетті екендерін растады.
Президенттер өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар алдағы кездесулердің кестесін пысықтады.
Референдум в Казахстане 15 марта 2026 года  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.03.2026
Қытай Қазақстанды референдумды сәтті өткізуімен құттықтады
Жаңалықтар
0