Қазақстанда республикалық референдум күні 585 бала дүниеге келді

Жаңа туған сәби - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.03.2026
Жазылу
Жаңа туған нәрестелердің ішінде 310 ұл және 275 қыз бар
АСТАНА, 16 наурыз – Sputnik. Қазақстанда республикалық референдум күні 585 бала дүниеге келді, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
15 наурыз күні бір тәуліктің ішінде дәрігерлер жалпы 583 босану қабылдаған.
"Оның ішінде Ақтөбе және Түркістан облыстарында 2 егіз тіркелді. Жаңа туған нәрестелердің ішінде 310 ұл және 275 қыз бар", - деп жазылған хабарламада.
Еліміздің барлық өңірінде медицина қызметкерлері аналар мен жаңа туған нәрестелерге уақтылы әрі сапалы медициналық көмек көрсетіп, жоғары біліктілік пен жауапкершіліктің үлгісін көрсетті, дейді министрлікте.
Маңғыстау облысында референдум күні дүниеге келген балаға Атазаң деп ат қойылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2026
Маңғыстауда референдум күні дүниеге келген балаға Атазаң деп ат қойылды
Жаңалықтар
0