Қазақстанда ауа райы 20 градусқа дейін жылынады

© Photo : Андрей Красников Желтоголовый королек - птичка певчая
Желтоголовый королек - птичка певчая - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.03.2026
Жазылу
Синоптиктер 17, 18 және 19 наурызға жасалған ауа райы болжамын ұсынды
АСТАНА, 16 наурыз – Sputnik. "Қазгидромет" алдағы үш күнге жасалған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы одан әрі көтеріледі.
"Алайда елдің солтүстігінде және оңтүстігінің таулы аймақтарында ауа райы құбылмалы болады. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ болады, жел күшейеді. Республика бойынша тұман болуы ықтимал", - дейді синоптиктер.
Батыс өңірлерде күндіз ауа температурасы +10…+15°С-қа дейін, оңтүстікте +15…+20°С-қа дейін көтеріледі. Ал солтүстік пен шығыста +3…+8°С шамасында болады.
Жаңалықтар
0