Қазақстан ЕАЭО елдерінен импортталатын тауарларға ең төменгі бағаны белгіледі

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуСүт өнімдері
Сүт өнімдері - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.03.2026
Жазылу
Мемлекеттік кірістер комитеті 36 тауардың тізімін бекітті
АСТАНА, 16 наурыз – Sputnik. Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ЕАЭО елдерінен елге импортталатын кейбір тауарға ең төменгі бағаларды белгіледі.
Мемлекеттік кірістер комитеті ең төменгі баға деңгейі қолданылатын 36 тауардың тізімін жариялады. Бұл 2026 жылдың екінші тоқсанынан бастап немесе 1 сәуірден 30 маусымға дейін күшіне енеді.
Ең төменгі баға деңгейі тоқсан сайын жаңартылып отырады. Бұл кейбір тауарлардың маусымдық бағасына және импорттық бағалардың құбылмалылығына байланысты қажет.
Тізімге жұмыртқа, ұн, шұжық, тыңайтқыштар, жемістер, көкөністер және басқа да тауарлар кірді. Мысалы, картоптың ең төменгі бағасы 90 теңге, банандыкі - 403 теңге, антифриздыкі - 322 теңге және тағы сол секілді болуы керек.
Толық тізімді мына сілтемеден көруге болады.
Центр исполнения заказов и пункт выдачи интернет-магазина - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.03.2026
ЕАЭО елдерінде интернет сауда ережелері өзгеріп жатыр
Жаңалықтар
0