Қадір түні – 2026: қалай өткізу керек

© Sputnik / Санат ИмангалиевПраздничный Айт-намаз прошел в Астане
Праздничный Айт-намаз прошел в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.03.2026
Жазылу
Қадір түні – мұсылман үшін ризыққа мол түн. Жер бетіндегі қыбыр еткен тіршілікке Алланың ырыздығы мен несібесі төгілетін қаситетті түн қандай мағына береді? Қадір түні туралы не білу керек?
2026 жылы Қадір түні 16 наурыздан 17 наурызға қараған түнге түсіп тұр.

Қадір түнінің мән-маңызы

Айлардың сұлтаны Рамазан айы болса, түндердің ең қасиеттісі Қадір түні саналады. Өйткені бұл түні Құран Кәрімнің аяттары түсе бастаған. Қадір түні жасалған ғибадат 83 жылдық сауапқа пара-пар. Осыған байланысты мұсылмандар Рамазан айының соңғы он түнін түгелдей құлшылықпен өткізуге тырысады.
"Қадір" – араб сөзі. Тілдік мағынасы қадірлі, қасиетті, артық-кемі жоқ деген мағыналарға келеді. Ал шариғи терминдік мағынасына "бір жылда болатын істерді белгілеп, соның жазылуына Алла Тағаланың үкім беретін түні" деп анықтама берілген.

Қадір түні не істеу керек

Өкінішке қарай, көбі Қадір түнін жай ғана ұйықтамай қарсы алу жеткілікті деп санайды. Алайда бұл қате түсінік. Алланың мейірімінен үміт еткен әрбір адам Қадір түні кірместен бұрын дәрет алып, таза киім киіп, үстіне хош иісті әтір сеуіп, қасиетті түнді күтуге дайындық жасауға тиіс.
Қадір түні мақсат – тек ұйықтамай, ояу жүру емес, тілек тілеп, дұға жасап, намаз оқу.
Қасиетті түнді көңіл көтеру орындарында емес, үйде немесе мешітте өткізген абзал. Ішімдік ішуге, адамдардың сыртынан ғайбаттап, өсек айтуға, жанжалдасуға, дауласуға тыйым салынады. Достармен көңіл көтеріп, ән айтуға, билеуге, сауық кешін ұйымдастыруға болмайды. Ал теледидардан ойын-сауық бағдарламалары мен фильмдердің орнына тәрбиелік мәні бар дүниелерді тамашалаған дұрыс.
Қадір түнінің құрметіне дастархан жаюдың қажеті жоқ. Үйге жақсылық кіреді деп есік-терезелерді ашып қою да – қате.
Мұсылмандар бұл түнді барынша құлшылықпен, шын жүректен өкініп, күнәлары үшін кешірім сұраумен өткізуге тиіс. Таңға дейін Қасиетті Құран кітабын оқып, дұға жасаған абзал.

Қадір түні не істеуге болмайды

Бұл түні адамдардың сыртынан ғайбаттап, өсек айтуға, ішімдік ішуге, жанжалдасуға, дауласуға болмайды. Достармен көңіл көтеріп, ән айтуға, билеуге, сауық кештерін ұйымдастыруға тыйым салынады. Теледидардан ойын-сауық бағдарламалары мен фильмдерді көруге болмайды. Оның орнына тәрбиелік мәні бар дүниелерді тамашалаған дұрыс.
Қадір түнінің құрметіне дастархан жаюдың да қажеті жоқ. Үйге жақсылық кіреді деп есік-терезелерді ашып қою да – қате түсінік.

Қадір түні оқылатын дұғалар

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) бұл түні Алладан кешірім сұрауды өсиет еткен. Айша анамызға (р.а.) үйреткен ең басты дұғасы мынадай:
"Аллаһумма иннәкә ‘афуун, тухиббуль ‘афуа фа’фу ‘анни".
Қазақша мағынасы: "Уа, Алла! Расында, Сен – Кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің. Ендеше, мені кешіре көр!"
Кімде-кім: "Құлшылыққа лайықты одан басқа құдай болмаған, Тірі әрі Мәңгі Жасаушы Ұлы Алладан кешірім тілеп және Оған тәубе етемін", - десе, ол тіпті ол ұрыс алаңынан қашқан болса да Алла оны кешіреді.
"Әстәғфируллаһ-әл-Азыймә әлләзи лә иләһа иллә һуәл-Хайюл-Қаййуму уә әтубу иләйһ!"
Қарыздан құтқарып, уайымыңызды кетіретін дұға
"Я, Алла! Расында, мен Саған уайым-қайғыдан, әлсіздік пен жалқаулықтан, сараңдық пен қорқақтықтан, қарыздың ауыртпалығынан әрі адамдардың жәбірлеуінен сиынамын". (Бухари)
"Аллаһуммә инни әъузу бикә мин әл-һәмми, уәл-хазәни, уәл-ъажзи, уәл-кәсәли, уәл-бухли уәл-жубни, уә даләъид-дәйни, уә ғаләбәтир-рижәәл".
Ауру-сырқаудан, жоқшылық пен қабір азабынан Аллаға сыйыну
Я, Алла! Тәніме саулық бер! Уа, Алла! Естуіме саулық бер! Уа, Алла! Жанарыма саулық бер! Сенен басқа ешбір құдай жоқ. Уа, Алла! Мен күпірлік пен жоқшылықтан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Сондай-ақ қабір азабынан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Сенен басқа ешбір Құдай жоқ. (Бухари, Әдәбул Муфрад)
"Аллаһумма ъафини фи бәдәни, Аллаһумма ъафини фи сәмъи, Аллаһумма ъафини фи басари, лә иләһә иллә әнт. Аллаһумма инни әъузу бикә минәл-куфри уәл-фәқр, уә әъузу бикә мин ъазәбил-қабр, лә иләһә иллә әнт".
Қадір түні жасалған қандай жақсы дұға болсын орындалады. Өйткені мейірімі шексіз Алла жұмыр басты пейілі мен ниеті түзу пендесінің шын жасаған дұғасын қашан да қабыл еткен.
Ночь предопределения в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.05.2020
Қоғам
Қадір түнін үйде қалай өткізу керек – бас имамдар кеңес берді
Жаңалықтар
0