https://sputnik.kz/20260316/prezident-zhana-konstitutsiya--tauelsizdik-pen-egemendik-tiregi-61914050.html
Президент: Жаңа Конституция – тәуелсіздік пен егемендік тірегі
Президент: Жаңа Конституция – тәуелсіздік пен егемендік тірегі
Sputnik Қазақстан
Ол осы референдум кезінде жастар белсенді түрде сайлауға қатысқанын да мәлімдеді 16.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-16T08:36+0500
2026-03-16T08:36+0500
2026-03-16T08:43+0500
президент
референдум
қазақстанның жаңа конституциясы
https://sputnik.kz/img/07ea/03/10/61911060_0:66:1280:786_1920x0_80_0_0_d41b77636df972658ff6acf7191cf464.jpg
АСТАНА, 16 наурыз – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев жалпыұлттық референдум аса жоғары деңгейде өткенін, ашық әрі әділ болғанын айтты.Президенттің пікірінше, барлық заң талаптары мен демократиялық нормалар қатаң сақталды. Мұны еліміздің және шетелдің байқаушылары да айтып отыр.Мемлекет басшысы азаматтар жасаған таңдаудың түпкілікті қорытындысын заңға сәйкес Орталық референдум комиссиясы ресми тәртіппен шығаратынын еске салды.Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан халқы қолдаған, жаппай дауыс берген Конституция – еліміздің темірқазығы."Жаңа Конституция – Тәуелсіздік пен егемендік тірегі. Ата заңымыз – адам құқығы мен бостандығының мызғымас кепілі. Біз бір ел болып Заң мен тәртіп сақталатын, жауапты және жасампаз азаматтары бар Әділетті қоғам құру жолында маңызды қадам жасадық. Осылайша, бүгін ұлт тарихының жаңа парағын аштық. Алда ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Ең бастысы, халқымыз түбегейлі өзгерістерді барынша қолдайды", - деді президент.Ол осы референдум кезінде жастар белсенді түрде сайлауға қатысқанын да мәлімдеді."Жастарымызға мың да бір рақмет! Жастарымыздың дауысы, үні өте жақсы естілді. Әрқашан аман болыңыздар! Қазақ елінің қасиетті Тәуелсіздігі мәңгі болсын! Отанымыз – Қазақстан Республикасы жасай берсін! Жаңа Конституциямыз құтты болсын!" – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
https://sputnik.kz/20260316/endi-zhyl-sayyn-15-nauryzdy-konstitutsiya-kuni-retinde-qarsy-alamyz---toqaev-61913426.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/03/10/61911060_73:0:1208:851_1920x0_80_0_0_00020478196c0a7bafe4fb568b78ddad.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, референдум, қазақстанның жаңа конституциясы
президент, референдум, қазақстанның жаңа конституциясы
Президент: Жаңа Конституция – тәуелсіздік пен егемендік тірегі
08:36 16.03.2026 (жаңартылды: 08:43 16.03.2026) Ол осы референдум кезінде жастар белсенді түрде сайлауға қатысқанын да мәлімдеді
АСТАНА, 16 наурыз – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев жалпыұлттық референдум аса жоғары деңгейде өткенін, ашық әрі әділ болғанын айтты.
Президенттің пікірінше, барлық заң талаптары мен демократиялық нормалар қатаң сақталды. Мұны еліміздің және шетелдің байқаушылары да айтып отыр.
Мемлекет басшысы азаматтар жасаған таңдаудың түпкілікті қорытындысын заңға сәйкес Орталық референдум комиссиясы ресми тәртіппен шығаратынын еске салды.
"Дауыс берушілер саны бойынша ең жоғары рекордтық көрсеткіш тіркелді. Мұндай жағдай көптен бері болмап еді. Учаскеге келіп, азаматтық ұстанымын анық білдірген баршаға алғыс айтамын", – деді президент.
Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан халқы қолдаған, жаппай дауыс берген Конституция – еліміздің темірқазығы.
"Жаңа Конституция – Тәуелсіздік пен егемендік тірегі. Ата заңымыз – адам құқығы мен бостандығының мызғымас кепілі. Біз бір ел болып Заң мен тәртіп сақталатын, жауапты және жасампаз азаматтары бар Әділетті қоғам құру жолында маңызды қадам жасадық. Осылайша, бүгін ұлт тарихының жаңа парағын аштық. Алда ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Ең бастысы, халқымыз түбегейлі өзгерістерді барынша қолдайды", - деді президент.
Ол осы референдум кезінде жастар белсенді түрде сайлауға қатысқанын да мәлімдеді.
"Жастарымызға мың да бір рақмет! Жастарымыздың дауысы, үні өте жақсы естілді. Әрқашан аман болыңыздар! Қазақ елінің қасиетті Тәуелсіздігі мәңгі болсын! Отанымыз – Қазақстан Республикасы жасай берсін! Жаңа Конституциямыз құтты болсын!" – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.