Полиция "Қайрат" – "Ақтөбе" матчы кезінде қауіпсіздік шараларын күшейтеді

© Photo : Пресс-служба ФК "Кайрат""Қайрат" футболшысы Дастан Сәтпаев
Қайрат футболшысы Дастан Сәтпаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.03.2026
Жазылу
АСТАНА, 16 наурыз – Sputnik. Алматыда "Қайрат" пен "Ақтөбе" арасында футбол матчы өтеді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Осыған орай полиция қызметкерлері стадион аумағында және оған іргелес аумақтарда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдап жатыр. Алматы қаласы полиция департаментінің хабарлауынша,, спорттық іс-шара барысында қоғамдық тәртіп қатаң бақылауда болады.

"Матч өтетін күні стадион мен оған іргелес аумақта қауіпсіздік шаралары барынша күшейтіледі. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосымша полиция күштері жұмылдырылады", – деді департамент басшысы Айдын Кабдулдинов.

Сондай-ақ ол жанкүйерлерді стадиондағы ережелерді сақтауға шақырды.
Полиция матч кезінде агрессия, арандату, балағат сөздер, қорлау, бұзақылық әрекеттер, сондай-ақ тыйым салынған заттарды қолданбауды ескертті.
Стадион Астана-Арена прошел реконструкцию - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.11.2025
Елорда тынысы
Қазақстан – Бельгия матчы: Астанада қауіпсіздік шаралары күшейтіледі
Жаңалықтар
0