https://sputnik.kz/20260316/ozbekstan-prezidenti-toqaevty-referendumnyn-satti-otuimen-quttyqtady-61921689.html
Өзбекстан президенті Тоқаевты референдумның сәтті өтуімен құттықтады
Өзбекстан президенті Тоқаевты референдумның сәтті өтуімен құттықтады
Sputnik Қазақстан
Өзбекстан президентінің айтуынша, референдум нәтижесі ауқымды реформаларға Қазақстан халқы зор сенім артатынын көрсетеді 16.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-16T11:36+0500
2026-03-16T11:36+0500
2026-03-16T11:38+0500
қазақстан
өзбекстан
референдум
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/0f/58787150_0:44:1280:764_1920x0_80_0_0_1961649224077bef9016c880d6832f85.jpg
АСТАНА, 16 наурыз– Sputnik. Мемлекет басшысы Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті.Әңгімелесу барысында Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы бойынша референдумның табысты өтуімен құттықтады.Өзбекстан президентінің айтуынша, референдум нәтижесі Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп жатқан ауқымды реформаларға Қазақстан халқы зор сенім артатынын көрсетеді.Мемлекет басшысы қолдау білдіріп, халықаралық ұйымдар құрамында Өзбекстаннан байқаушылар миссиясын жібергені үшін Шавкат Мирзиёевке алғыс айтты.Тараптар стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухындағы қазақ-өзбек қарым-қатынасы қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды.Сондай-ақ бұған дейін қол жеткізілген келісімдер мен Жоғары мемлекетаралық кеңес шешімдерінің іске асырылу барысына оң баға беріп, барлық деңгейдегі ықпалдастықты жалғастыруға уағдаласты.Президенттер өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, алдағы кездесулердің кестесін пысықтады.
https://sputnik.kz/20260316/referendumnyn-aldyn-ala-natizhesi-zhariyalandy-61918969.html
қазақстан
өзбекстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/0f/58787150_102:0:1203:826_1920x0_80_0_0_9852e5057c7d19cbea518f6899d08372.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, өзбекстан, референдум
қазақстан, өзбекстан, референдум
Өзбекстан президенті Тоқаевты референдумның сәтті өтуімен құттықтады
11:36 16.03.2026 (жаңартылды: 11:38 16.03.2026) Өзбекстан президентінің айтуынша, референдум нәтижесі ауқымды реформаларға Қазақстан халқы зор сенім артатынын көрсетеді
АСТАНА, 16 наурыз– Sputnik. Мемлекет басшысы Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті.
Әңгімелесу барысында Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы бойынша референдумның табысты өтуімен құттықтады.
Өзбекстан президентінің айтуынша, референдум нәтижесі Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп жатқан ауқымды реформаларға Қазақстан халқы зор сенім артатынын көрсетеді.
Мемлекет басшысы қолдау білдіріп, халықаралық ұйымдар құрамында Өзбекстаннан байқаушылар миссиясын жібергені үшін Шавкат Мирзиёевке алғыс айтты.
"Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституция заман талабына сай келетініне, сондай-ақ мемлекеттің орнықты және жан-жақты дамуын қамтамасыз ететініне назар аударды. Елімізде жүргізілетін алдағы жаңғыртулар кезінде халықаралық серіктестермен, әсіресе, көршілес және одақтас елдермен ынтымақтастықты нығайтуға айрықша мән беріледі", - деп хабарлады Ақорда.
Тараптар стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухындағы қазақ-өзбек қарым-қатынасы қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды.
Сондай-ақ бұған дейін қол жеткізілген келісімдер мен Жоғары мемлекетаралық кеңес шешімдерінің іске асырылу барысына оң баға беріп, барлық деңгейдегі ықпалдастықты жалғастыруға уағдаласты.
Президенттер өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, алдағы кездесулердің кестесін пысықтады.