https://sputnik.kz/20260316/dronnyn-komegimen-zhayau-zhurginshilerge-ayyppul-salyna-bastady-61934878.html
Дронның көмегімен жаяу жүргіншілерге айыппұл салына бастады
Дронның көмегімен жаяу жүргіншілерге айыппұл салына бастады
Sputnik Қазақстан
Рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өткені үшін 2 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған 16.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-16T16:56+0500
2026-03-16T16:56+0500
2026-03-16T18:09+0500
дрон
қызылорда
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/11/58831026_124:156:890:587_1920x0_80_0_0_677b03d06be613a7137bdc53eceee5a4.jpg
АСТАНА, 16 наурыз – Sputnik. Қызылорда қаласында дронның көмегімен жаяу жүргіншілерге айыппұл салына бастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Облыстық полиция департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, тәртіп сақшылары қалада құқықбұзушылықтарды анықтау мақсатында дрондарды кеңінен қолдануға кірісті.Жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау – баршамызға ортақ міндет. Жаяу жүргіншілер жолдан тек арнайы белгіленген жаяу жүргіншілер өткелдері арқылы өтуге тиіс", - дейді полицейлер.Айта кетері, рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өткені үшін 2 АЕК (8 650 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған. Ал осы құқық бұзушылық бір жылдың ішінде қайталанса, айыппұлдың мөлшері 10 АЕК-ке (43 250 теңгеге) дейін артады.
қызылорда
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/11/58831026_103:102:769:602_1920x0_80_0_0_b554e05c9ea7ca54822e3364260bf465.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дрон, қызылорда
Дронның көмегімен жаяу жүргіншілерге айыппұл салына бастады
16:56 16.03.2026 (жаңартылды: 18:09 16.03.2026) Рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өткені үшін 2 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған
АСТАНА, 16 наурыз – Sputnik. Қызылорда қаласында дронның көмегімен жаяу жүргіншілерге айыппұл салына бастады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Облыстық полиция департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, тәртіп сақшылары қалада құқықбұзушылықтарды анықтау мақсатында дрондарды кеңінен қолдануға кірісті.
"Заманауи техниканың көмегімен жол қозғалысы ережелерін бұзу, жаяу жүргіншілердің белгіленбеген жерден жолды кесіп өтуі, сондай-ақ өзге де құқықбұзушылықтар анықталып, тиісті заң аясында шаралар қабылдануда.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау – баршамызға ортақ міндет. Жаяу жүргіншілер жолдан тек арнайы белгіленген жаяу жүргіншілер өткелдері арқылы өтуге тиіс", - дейді полицейлер.
Айта кетері, рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өткені үшін 2 АЕК (8 650 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған. Ал осы құқық бұзушылық бір жылдың ішінде қайталанса, айыппұлдың мөлшері 10 АЕК-ке (43 250 теңгеге) дейін артады.