"Досымды құттықтағым келді": Шымкентте тұрғын көлік терезесінен отшашу атқан

© Sputnik / Владислав ВодневОтшашу
Отшашу - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.03.2026
Жазылу
Оған қатысты бірден бірнеше факті бойынша әкімшілік хаттама толтырылды
АСТАНА, 16 наурыз – Sputnik. Шымкенттегі орталық көшелердің бірінде ер адам көлік терезесінен отшашу атқан, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.
Шымкентте полиция қызметкерлері түнде жолда қауіпті "ойын-сауық" ұйымдастырған ер адамды анықтап, жауапқа тартты.
"Lexus GS көлігінің жолаушысы көлік жүргізу кезінде терезеден шығып, Қонаев даңғылының дәл жолында отшашулар атқан. Бұл адамдарға қауіп төндіріп, тұрғындардың түнгі қоғамдық тәртібі мен тыныштығын бұзды", - дейді полиция.
Жігіттің айтуынша, ол досын туған күнімен осылай құттықтамақ болыпты.
Оған қатысты бірден бірнеше факті бойынша әкімшілік хаттама толтырылды: ұсақ бұзақылық, елді мекенде пиротехникалық бұйымдарды пайдалану, тыныштықты бұзу және жол қозғалысы ережелерін сақтамау.
Құқық бұзушы әкімшілік қамауға алынды.
Ақтауда екі тұрғын полиция формасына ұқсас киім кигені үшін жауапқа тартылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.01.2026
Ақтауда полиция формасына ұқсас киім киген екі тұрғын жауапқа тартылды
Жаңалықтар
0