https://sputnik.kz/20260315/unsizdik-kuni-birneshe-zan-buzushylyq-boldy--bas-prokuratura-61874386.html
Тыныштық күні бірнеше заңбұзушылық болды – Бас прокуратура
Тыныштық күні бірнеше заңбұзушылық болды – Бас прокуратура
Sputnik Қазақстан
Кінәлілерге айыппұл салынды 15.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-15T10:42+0500
2026-03-15T10:42+0500
2026-03-15T10:57+0500
бас прокуратура
қазақстанның жаңа конституциясы
дауыс беру
https://sputnik.kz/img/07ea/03/0f/61866247_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_8996050399aaa62d4c37ae13ac506845.jpg
АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. Бас прокуратура кеше, тыныштық күні бірнеше заңбұзушылық тіркелгенін мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бұл - қоғамдық пікірге арналған екі заңсыз сауалнама және үгіт-насихат жүргізудің екі фактісі. Кінәлілерге айыппұл салынды. Ал бүгін, ведомствоның мәліметінше, барлығы құқықтық алаң аясында өтіп жатыр.Оның айтуынша, референдумды өткізу кезінде заңдылықты сақтауды қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасады.Бас прокуратура өкілі заң талаптарын мүлтіксіз орындауға шақырды."Бүгін дауыс беру күні үгітке тыйым салынғанын тағы да естеріңізге салғым келеді. Бұл талаптарды сақтамау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 102-ші және 120-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады", - деді Қараманов.
https://sputnik.kz/20260315/dauys-berushiler-belsendiligi-boyynsha-eki-oblys-kosh-bastap-tur--61873792.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/03/0f/61866247_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_15b14edecde2274c30bf5887e81baeb9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бас прокуратура, қазақстанның жаңа конституциясы , дауыс беру
бас прокуратура, қазақстанның жаңа конституциясы , дауыс беру
Тыныштық күні бірнеше заңбұзушылық болды – Бас прокуратура
10:42 15.03.2026 (жаңартылды: 10:57 15.03.2026) Кінәлілерге айыппұл салынды
АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. Бас прокуратура кеше, тыныштық күні бірнеше заңбұзушылық тіркелгенін мәлім етті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұл - қоғамдық пікірге арналған екі заңсыз сауалнама және үгіт-насихат жүргізудің екі фактісі. Кінәлілерге айыппұл салынды. Ал бүгін, ведомствоның мәліметінше, барлығы құқықтық алаң аясында өтіп жатыр.
"Бұл күндері прокуратура мен соттар референдумға қатысты өтініштерді дереу қарауға міндетті. Бүгінгі таңда прокуратура органдары мен соттарға мұндай өтініштер түскен жоқ", - деп хабарлады Бас прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі басқармасының басшысы Бекжан Қараманов.
Оның айтуынша, референдумды өткізу кезінде заңдылықты сақтауды қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасады.
Бас прокуратура өкілі заң талаптарын мүлтіксіз орындауға шақырды.
"Бүгін дауыс беру күні үгітке тыйым салынғанын тағы да естеріңізге салғым келеді. Бұл талаптарды сақтамау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 102-ші және 120-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады", - деді Қараманов.