https://sputnik.kz/20260315/toqaev-iranga-qatysty-ustanymyn-aytty-61893058.html
Тоқаев Иранға қатысты ұстанымын айтты
Тоқаев Иранға қатысты ұстанымын айтты
Sputnik Қазақстан
Иран президентінің билікке толық ие емес екені көрінеді, деді мемлекет басшысы 15.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-15T14:12+0500
2026-03-15T14:12+0500
2026-03-15T14:12+0500
президент
иран
қазақстанның жаңа конституциясы
https://sputnik.kz/img/07ea/03/04/61600304_146:0:1124:550_1920x0_80_0_0_17cb619372c29d6e8a6977bcce528e59.jpg
АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығыстан кейінгі Иранға қатысты ұстынымын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бүгін президент референдумда дауыс бергеннен журналистердің сұрағына жауап берді. Соның ішінде Иранға қатысты мәселе де бар."Сіз Шығанақтағы бірқатар мемлекет басшысымен телефон арқылы сөйлесіп, оларға қолдау білдірдіңіз. Бірақ Иран Президентімен сөйлеспедіңіз. Бұл Қазақстанның бейтарап ұстанымынан айнып, араб елдерін қолдайтынын білдіре ме?", - деп сұрады тілшілер.Мемлекет басшысы алдымен Қазақстанның әлемге бейбіт ел ретінде танылғанын және кез келген қақтығысты дипломатиялық жолмен шешуді жақтайтынын жеткізді. Бұл – елдің айнымас ұстанымы.Оның айтуынша, бұдан Иран президентінің билікке толық ие емес екені көрінеді."Ол анық. Мен ешкімді айыптамаймын, жай ғана факті ретінде айтып отырмын. Бұл Иран билігінің ерекшелігіне байланысты деп ойлаймын. Бір жағынан діни билік үстемдік етеді. Өйткені Иранда діни билік негізгі бағыт-бағдарды айқындап, шешім қабылдайды. Президент те бар, бірақ ол – формальды мемлекет басшысы, іс жүзінде ықпалды тұлға саналмайды", - деді президент.Осы орайда ол Қазақстанда да қос билік болғанын еске салды."Кезінде мұндай жүйені біз де бастан өткердік, бірақ баянсыз болды. Төрт жыл бұрын еліміздің ішкі тұрақтылығына қауіп төнді. Бұл Қазақстанға да, басқа мемлекеттерге де үлкен сабақ болды деп ойлаймын. Біз Иран халқына, оның мәдениеті мен тарихына құрметпен қараймыз. Сондықтан өз ұстанымымыздан айныған жоқпыз, әрдайым бейбітсүйгіш ел болып қала береміз", - дейді Тоқаев.
https://sputnik.kz/20260315/shamamen-eki-zhyl-buryn-iske-kiristim---toqaev-zhana-konstitutsiyany-azirleu-turaly--61889539.html
иран
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/03/04/61600304_295:0:1028:550_1920x0_80_0_0_259345e8248068311d9a923ad81aaa34.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, иран, қазақстанның жаңа конституциясы
президент, иран, қазақстанның жаңа конституциясы
Тоқаев Иранға қатысты ұстанымын айтты
Иран президентінің билікке толық ие емес екені көрінеді, деді мемлекет басшысы
АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығыстан кейінгі Иранға қатысты ұстынымын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін президент референдумда дауыс бергеннен журналистердің сұрағына жауап берді. Соның ішінде Иранға қатысты мәселе де бар.
"Сіз Шығанақтағы бірқатар мемлекет басшысымен телефон арқылы сөйлесіп, оларға қолдау білдірдіңіз. Бірақ Иран Президентімен сөйлеспедіңіз. Бұл Қазақстанның бейтарап ұстанымынан айнып, араб елдерін қолдайтынын білдіре ме?", - деп сұрады тілшілер.
Мемлекет басшысы алдымен Қазақстанның әлемге бейбіт ел ретінде танылғанын және кез келген қақтығысты дипломатиялық жолмен шешуді жақтайтынын жеткізді. Бұл – елдің айнымас ұстанымы.
"Таяу Шығыста орын алған жағдайдың түрлі себебі бар. Мен мұны жақында өткен алқалы жиында да айтқанмын. Расында, Шығанақтағы араб елдерінің басшыларымен телефон арқылы сөйлестім, тілектес екенімді жеткіздім. Ал Иран Президенті Масуд Пезешкианның жақында елімізге ресми сапармен келгенін білесіздер. Сол кезде жақсы әсер қалдырды. Ол – зайырлы көзқарастағы адам, өзі кардиохирург. Мен оның Иран Шығанақ елдеріне шабуыл жасамайды деген мәлімдемесін құптадым. Тіпті, ол Иранның атынан кешірім сұрады. Алайда кейін оның мәлімдемесі жоққа шығарылды. Иран араб елдеріне шабуыл жасауды әлі тоқтатқан жоқ", - деді Тоқаев.
Оның айтуынша, бұдан Иран президентінің билікке толық ие емес екені көрінеді.
"Ол анық. Мен ешкімді айыптамаймын, жай ғана факті ретінде айтып отырмын. Бұл Иран билігінің ерекшелігіне байланысты деп ойлаймын. Бір жағынан діни билік үстемдік етеді. Өйткені Иранда діни билік негізгі бағыт-бағдарды айқындап, шешім қабылдайды. Президент те бар, бірақ ол – формальды мемлекет басшысы, іс жүзінде ықпалды тұлға саналмайды", - деді президент.
Осы орайда ол Қазақстанда да қос билік болғанын еске салды.
"Кезінде мұндай жүйені біз де бастан өткердік, бірақ баянсыз болды. Төрт жыл бұрын еліміздің ішкі тұрақтылығына қауіп төнді. Бұл Қазақстанға да, басқа мемлекеттерге де үлкен сабақ болды деп ойлаймын. Біз Иран халқына, оның мәдениеті мен тарихына құрметпен қараймыз. Сондықтан өз ұстанымымыздан айныған жоқпыз, әрдайым бейбітсүйгіш ел болып қала береміз", - дейді Тоқаев.