https://sputnik.kz/20260315/tmd-zhane-uqshu-baqylaushylary-referendumda-monitoring-zhurgizip-zhatyr-61872926.html
ТМД және ҰҚШҰ бақылаушылары референдумда мониторинг жүргізіп жатыр
ТМД және ҰҚШҰ бақылаушылары референдумда мониторинг жүргізіп жатыр
Sputnik Қазақстан
15 наурызда Қазақстан бойынша 10 мыңнан астам дауыс беру учаскесі ашылды 15.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-15T10:09+0500
2026-03-15T10:09+0500
2026-03-15T10:10+0500
ұқшұ
тмд
қазақстанның жаңа конституциясы
https://sputnik.kz/img/07ea/03/0f/61867956_12:97:1280:810_1920x0_80_0_0_6a33f5dcbe6c92a6872227e841cb0303.jpg
АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. ТМД Парламентаралық Ассамблеясының бақылаушылар тобы Қазақстанның жаңа Конституциясы бойынша референдумда мониторинг жүргізіп жатыр.Олар сайлау учаскесінің ашылуына қатысып, дауыс беру процесінің заңға сәйкес басталғанына көз жеткізді.Миссияны Игорь Петришенко басқарады және оның құрамында жалпы 161 бақылаушы бар. Олар бірнеше ұйымның өкілдері, атап айтқанда, Беларусь және Ресей Одағы Парламенттік Жиыны, ТМД-ға мүше мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы, ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы және ТМД Атқарушы комитеті.Игорь Петришенко адамдар дауыс беру учаскелеріне белсенді түрде барып жатқанын айтты."Референдумдағы сайлаушының орташа жасы - 29,3. Негізінен Қазақстан жастары өз болашағы үшін дауыс береді. Бұл өте маңызды аспект. Сайлаушылардың дауыс беру учаскелері ашылған сәттен бастап және күні бойы белсенді түрде баруы референдумға лайықты қатысу болатынын білдіреді", - деді Петришенко.ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының бақылаушылары да референдумда жұмыс істеп жатыр. Олар бұған дейін Қазақстандағы референдумға дайындықты жоғары бағалаған болатын.
https://sputnik.kz/20260315/reseyde-qazaqstandagy-referendumga-arnalgan-dauys-beru-uchaskeleri-ashyldy-61872535.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/03/0f/61867956_0:40:1082:851_1920x0_80_0_0_afc3c2b3e0ad608b9050a184ae6fe7ed.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұқшұ, тмд, қазақстанның жаңа конституциясы
ұқшұ, тмд, қазақстанның жаңа конституциясы
ТМД және ҰҚШҰ бақылаушылары референдумда мониторинг жүргізіп жатыр
10:09 15.03.2026 (жаңартылды: 10:10 15.03.2026) 15 наурызда Қазақстан бойынша 10 мыңнан астам дауыс беру учаскесі ашылды
АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. ТМД Парламентаралық Ассамблеясының бақылаушылар тобы Қазақстанның жаңа Конституциясы бойынша референдумда мониторинг жүргізіп жатыр.
Олар сайлау учаскесінің ашылуына қатысып, дауыс беру процесінің заңға сәйкес басталғанына көз жеткізді.
"Дауыс беру басталғанға дейін жәшіктердің тұтастығы мен оларда бюллетеньдердің жоқтығы тексерілді. Бюллетеньдерді беруге жауапты комиссия мүшелері анықталды. Күні бойы Миссия мүшелері Қазақстанның тоғыз аймағындағы сайлау учаскелерінде жеке бағыттар бойынша жұмыс істейді және дауыс беру процесін бақылау нәтижелері туралы ақпаратты Миссияның штаб-пәтеріне жолдап отырады", - деп хабарлады парламентаралық ассамблеяда.
Миссияны Игорь Петришенко басқарады және оның құрамында жалпы 161 бақылаушы бар. Олар бірнеше ұйымның өкілдері, атап айтқанда, Беларусь және Ресей Одағы Парламенттік Жиыны, ТМД-ға мүше мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы, ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы және ТМД Атқарушы комитеті.
Игорь Петришенко адамдар дауыс беру учаскелеріне белсенді түрде барып жатқанын айтты.
"Референдумдағы сайлаушының орташа жасы - 29,3. Негізінен Қазақстан жастары өз болашағы үшін дауыс береді. Бұл өте маңызды аспект. Сайлаушылардың дауыс беру учаскелері ашылған сәттен бастап және күні бойы белсенді түрде баруы референдумға лайықты қатысу болатынын білдіреді", - деді Петришенко.
ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының бақылаушылары да референдумда жұмыс істеп жатыр. Олар бұған дейін Қазақстандағы референдумға дайындықты жоғары бағалаған болатын.
"Біз қазірдің өзінде Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы жүргізген жоғары деңгейдегі дайындық жұмыстарын көріп отырмыз. Біздің миссиямыз сындарлы өзара әрекеттесуге бағытталған", - деді миссияны басқарып отырған Улукбек Ұзақбаев.