Әскери-саяси жағдайға байланысты 10 елдегі 11 учаске ашылмады

Сеулдегі референдумда дауыс беру учаскесі
Сеулдегі референдумда дауыс беру учаскесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2026
Жазылу
Жалпы 54 елде 71 референдум учаскесі жұмыс істейді
АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. Сыртқы істер министрлігі республикалық референдум бойынша шетелде ашылған дауыс беру учаскелері туралы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жалпы 54 елде 71 референдум учаскесі жұмыс істейді. Ал Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты 11 учаске (Иран, Израиль, Иордания, Қатар, БАӘ (2 учаске), Оман, Ливан, Кувейт, Украина және Эфиопия) жұмыс істемейді.
"Референдум учаскелерінде дауыс беру Астана уақытымен таңғы сағат 03:00-де Токио және Сеул қалаларында басталды. Ең соңғы ашылып, жабылатын референдум учаскесі АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында орналасқан. Бұл учаске Астана уақытымен бүгін сағат 19:00-де ашылады және 16 наурызда сағат 08:00-де жабылады", - деді сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Орталық референдум комиссиясындағы брифингте.
Айта кетері, шетелде дауыс беретін қазақстандықтардың жалпы саны 14 380 адамды құрайды.
Премьер-министр Казахстана Олжас Бектенов принимает участие в референдуме по новой Конституции Казахстана в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2026
Премьер-министр, мәжіліс төрағасы және әкім: шенеуніктер де референдумда дауыс берді
Жаңалықтар
0